Фейк: «Қолдан аштық жасау үшін малды әдейі өлтіреді»
Telegram арналарында кейбір адамдар әлемде қолдан аштық жасау үшін малды әдейі өлтіреді дееген ақпарат тарады. Хабарламаға жүздеген өлген жануардың денесі түсірілген кадрлар тіркелген. Ақпаратты талдап, оған неге сенудің қажеті жоқ еекенін түсіндірейік.
Қазнетте тараған ролик осы жылдың маусым айының ортасында АҚШ-тың Канзас штатында түсірілген. Онда ол кезде мал өлімі тіркелген, бірақ бұл жоспарланған акция емес, кездейсоқ болды.
Канзас Денсаулық сақтау және қоршаған орта департаментінің хабарлауынша, ерекше жылу мен жоғары ылғалдылықтың салдарынан кем дегенде екі мың сиыр қайтыс болған. Маусымның ортасында Канзас штатында ауа температурасы 40 градустан асты, ал ылғалдылық өте жоғары болды, жел соқпаған. Мұның салдарынан жануарлардың ағзасы сусынданып, ыстық өткен. Бұл олардың өліміне әкелді. Ұқсас жағдай 2011 жылы АҚШ-та Айовада болған. Ол кезде қатты ыстықтан 4000-ға жуық мал қырылған.
Қолдан аштық жасау үшін жануарларды қасақана өлтіреді дееген теориялар негізсіз. Оларды Reuters және FactCheck.org фактчекерлері жоққа шығарды. Әлемдік көшбасшылар аштық жасауды жоспарлап отыр деуге негіз жоқ, мұның не үшін жасалатыны да түсініксіз.
Демек, малды қасақана өлтіретіні туралы ақпарат жалған. Видеода көрсетілген сиырлар аптап ыстықтан және ылғалдылықтың жоғары болуының салдарынан өлген.