Fake News

Фейк: «ДДҰ бас директоры геноцид үшін қамауға алынды»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесусты Интерпол адамзатқа қарсы қылмыстар мен геноцид жасады деген айыппен тұтқындағаны туралы жаңалық таратуда. Іс жүзінде мұндай жағдай болған емес. Бұл фейк.


Бұл жаңалықтың дереккөзі – ағылшын тіліндегі Vancouver Times порталы. Жазбада Гебреисус қомақты қаржы мен қымбат зергерлік бұйымдарды алып, Африкаға қашып кетпек болған деп жазылған. Сондай-ақ мәтінде жақын арада Клаус Шваб пен Билл Гейтске де геноцид айыбы тағылады делінген. Мұның бәрі ойдан шығарылған.
Ванкувер Таймс порталының «Біз туралы» бөлімінде сайттың «Батыс жағалаудағы сатираның ең сенімді көзі» деп жазылған.
Демек, бұл жаңалықты шын деп қабылдамау керек.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button