Fake News

Фейк: «Ормандар мен алқаптарды аштық орнату үшін әдейі өртейді»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары орманға белгілі бір құралдың көмегімен өрт салған тікұшақтың видеосын таратуда. Ұшқыштар шын мәнінде не істеп жатыр? Видео ормандарды осылай өртейтінін неге дәлелдемейтінін түсіндіріп өтейік.

Іс жүзінде роликте орман және дала өрттерін сөндіру әдістерінің бірі көрсетілген. Ол қарсы өрт деп аталады және орманның немесе даланың бір бөлігіне от қойып, отты өршіп тұрған жалынға қарай бағыттаудан тұрады. Өрт ағыны кездескен жерде от басылады.

Сөндірудің бұл әдісі белгілі бір жағдайларда және қатаң ережелерге сәйкес келеді. Қарсы өрт жел жанып жатқан отқа қарай соқса ғана әсер етеді. Сондай-ақ мұндай технологияны қолданған кезде, от одан әрі таралмауы үшін жоғарыдан қойылған жаңа өрт салдарынан жанған отты сөндіретін адамдар болуы керек. Өткен жылы бұл технология Карелиядағы орман өртін жою үшін қолданылды. 

2018 жылы қарсы өрт әдісі Канадада орман өртін оқшаулауға мүмкіндік берді. 
Ауқымды орман өрттерін жалынға су, балласт немесе құм тастап сөндіру тиімсіз. Біріншіден, өрт шарпыған аумағын қамту үшін ондаған, жүздеген тонна зат қажет, екіншіден, мұндай жүкті көтере алатын ұшақтар әр аймақтарда бола бермейді. Сонымен қатар орман өртін сумен немесе балластпен сөндіргеннен кейін ол қайта жануы мүмкін. Қарсы өрт әдісі, керісінше, жалынды тез және толық сөндіруге мүмкіндік береді. 
Қорыта айтқанда, таралған видеода ормандарды өртеу емес, керісінше орман өртін сөндіру барысы көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button