Фейк: «Вакциналар иммунитетті бұзады»
Қазнетте танымал ресейлік екпеге қарсы тұлға Галина Червонскаяның сөздері тарады. Оның айтуынша, кез келген вакцина ағзаны ауыртады, сондықтан 18 жасқа дейін адамдардың иммунитеті «сал» болып қалады. Бұл жалған.
Галина Червонская – Ресейдегі вакцинацияға қарсы қозғалыстың ең көрнекті өкілдерінің бірі. Псевдоғылымды жақтаушылар мен дәлелді медицинаның қарсыластары оған жиі сүйенеді. Сонымен қатар дипломды дәрігерлер мен ғалымдар Червонскаяны қатты сынға алып, оның тезистері өтірік екенін айтты. Мысалы, медицина ғылымдарының кандидаты Александр Мац былай деп жазды: «Г.П. Червонскаяның жарияланымдарындағы ойлар жас максимализммен жазылған, асыра сілтеу және сандырақ». Доктор Евгений Комаровскийдің ресми сайтында да Червонскаяның мәлімдемесіне егжей-тегжейлі талдау жасалып, сын айтылған. 2020 жылы Галина Червонская «псевдоғылым, жалған ғылым және оны дәрептегені үшін» берілген «ВРАЛ Құрметті академигі» атағын алды. Червонскаяның Википедиядағы өмірбаянына сәйкес, бұл оның медициналық немесе ғылыми қызметіне байланысты жалғыз сыйлығы.
Демек, балалардың денсаулығына Червонская әдісімен қараудың қажеті жоқ. Оның иммунитеттің «сал болуы» туралы сөздері толығымен ғылымға қарсы және фактілерге қайшы келеді.
Біріншіден, иммундық паралич – бұл иммунитеттің бактериялар мен вирустарға жауап бере алмауы. Вакцинация, әсіресе жиі екпе салдыру оны қоздырмайды.
Екіншіден, вакциналар, керісінше, жыл сайын жүздеген мың адамның өмірін сақтайды. Мысалы, Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде міндетті профилактикалық екпелердің күнтізбесіне енгізілген қызылша ауруы, бұрын бұл аурудың салдарынан әрбір 2-3 жыл сайын 2,6 миллион адам қайтыс болатын.
Сондай-ақ вакциналар қайтымсыз паралич пен өлімге әкелетін полиомиелит жағдайларының санын 99%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
Өлім-жітім көрсеткіші 30% құраған табиғи шешек жаппай вакцинацияның арқасында 1980 жылы толығымен жойылды деп жарияланды.
Галина Червонскаяның вакцинацияға байланысты балаларда қандай да бір кәрілік аурулары пайда болатындығы туралы тезисі толығымен дәлелсіз. Ол ашық ақпарат көздерінен тексеруге болатындай ауруды да, статистиканы да атамайды. Демек, оның бұл тұжырымы ата-аналары вакцинациядан бас тартқандар балаларда болмайтын, тек егілген балаларда ғана туындайтын аурулар мен олардың жиілігі туралы ғылыми негізделген ақпарат беруге емес, тыңдаушыны қорқытуға бағытталған.
Оның вакцинация нәтижесінде пайда болатын «кішкентай» аурулар туралы сөздері де ғылымға қарсы. «Шағын аурулар» термині жоқ. Оның үстіне, вакциналар ағзаға ауру жұқтырмайды, тек иммундық жүйені белгілі бір қоздырғышпен күресу үшін қажетті антиденелер қалыптастыруға «үйретеді».
Червонскаяның вакцинацияланбаған балалар ЖРВИ-мен ауырмайды деген теориясы өтірік. Тыныс алу аурулары өте жиі кездеседі және оңай өтеді. Жылына 6-8 рет осындай аурулармен ауырса, балалар үшін бұл қалыпты және қолайлы болып саналады. Ересектер үшін – 2-3 рет. Бұл әлсіз, паралич иммунитеттің белгісі емес.
Демек, Галина Червонскаяның таралған тұжырымдары ғылыми фактілерге қайшы келеді.