Fake News

Фейк: «5G адамдарда оттегі жетіспеушілігін тудырады»

Telegram мессенджерінде 5G толқыны адамдарда оттегі жетіспеушілігін тудырады, ал әлемдегі дәрігерлер келісіп, бұл COVID-19 деп айтады деп мәлімдеген бұрынғы футболшы Дэвид Айктың сұхбатын таратуда. Бұл – фейк.

Дэвид Айк футболдағы мансабынан басқа, әр түрлі қастандық теорияларын жақтайтынымен танымал. Оларды жиі насихаттап, фактчекерлердің назарын өзіне аударады. Мысалы, бұған дейін оның 5G көмегімен әлемді басқарады және COVID-19 пандемиясы жоқ деген мәлімдемелерін AFP және ColumbiaCheck порталдарды жоққа шығарды. Конспирологиялық теорияларды насихаттайтын Айктың видеолары Желідегі әртүрлі платформалардан да алынып тасталады. 
Таратылған видеода ол бірден бірнеше жалған тезисті айтады. Олардың бастыларын талқылайық.

1. COVID-19 ауруы жоқ.
Бұл олай емес. Ауру алғаш рет 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайда табылған. 2020 жылдың 10 қаңтарында Қытай ғалымдары ауруды қоздыратын вирустың геномын анықтап, көпшілікке жариялады. Басқа ғалымдар да геномды толық түсіндірді. Бұл ауру да, оның қоздырғышы да шын екенін дәлелдейді.

2. 5G толқындары адамдарда оттегі жетіспеушілігін тудырады
Бұл мәлімдеме негізсіз. Біріншіден, 5G толқындары адамзатқа белгісіз ерекше толқындар емес. Бұл технология бірден бірнеше диапазонда жұмыс істейді: жоғары, орта және төмен. 25-тен 39 ГГц-ке дейінгі диапазондағы жиіліктер жоғары жиіліктерге жатады. Бұл жиіліктер полиция радарларында да қолданылады. 2.5–3.7 ГГц – орташа жиіліктер. Бұл жиілік Wi-Fi технологиясында қолданылады. Төмен жиілікті 5G сигналдары 600-850 МГц диапазонында пайдаланылады. Бұл қолданыстағы 4G желілері қолданатын диапазон деуге болады.
Ондаған жылдар бойы сәтті жұмыс істеп келген технологиялардың барлығы оттегі жетіспеушілігін тудырмайтыны анық.
Радиожиіліктің денсаулыққа әсері тақырыбында зерттеулер көп жүргізілді, олардың нәтижелері Nature сияқты рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланды. Қорытындыларда жиіліктер денсаулыққа зиянды әсер етпейтіні жазылған.
Еуропалық парламент ғалымдардың дәлелдерін зерттей келе, 5G технологиясы адам денсаулығына қауіп төндіретініне негіз таппады.
Сонымен қатар 2021 жылдың шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, 5G технологиясы әлемнің 58 елінде орнатылып, сәтті жұмыс істеді. Бұл елдердің тұрғындарынан жаппай гипоксияның болғаны туралы хабарламалар келіп түспеген. 
Демек, 5G оттегі жетіспеушілігін тудырады деген теория жалған.

3. 5G желілері аурудың таралуы шарықтаған кезде қыста және күзде іске қосылады.
Бұл жаңсақ пікір. Суық мезгіл – SARS-CoV-2 ғана емес, жалпы респираторлық вирустың таралуына ең қолайлы. Сондықтан аурудың өршуі 5G сәулеленуінен туындайды деп айту негізсіз.
5G технологиясы ағаштағы жапырақтарды күйдіреді деген аргумент толықтай жалған, біріншіден, бұған ешқандай дәлел жоқ, екіншіден, 5G технологиясындағыдай жиіліктерде жұмыс істейтін сигналдар, Wi–Fi мен радарларын тарататын 4G бағаналарының жанында өсімдіктер өлмейді және күймейді.

Демек, Дэвид Айктің таратылған видеодағы тұжырымдары жалған және ғылымға қарсы теорияларға негізделген. Оларға сену керек емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button