Фейк: «Глобалистер каннибализмді тұрақтандыруға тырысуда»
Қазнетте глобалистер халық арасында каннибализмді тұрақтандыру үшін бар күшін салуда деген пікір тарады. Олардың мақсаты – балаларды жеуді қолайлы ету. Бұл өтірік.
Бұл теориямен бірге ерекше торт жеп отырған адамдардың видеосы тарады. Десерт қара нәсілді әйелдің денесі қалпында жасалған. Үстелде, торттың жанында беті боялған ер адам басын шығарып тұрған тесік бар. Сырттай қарағанда, оның басы мен торт тұтас секілді болып көрінеді. Торттың бір кесегін кесіп алған сайын, ер адам айқайлап, қиналады.
Бұл біртүрлі болғанына қарамастан, оның глобалистерге де, каннибализмге де еш қатысы жоқ. Кадрларда швед суретшісі Макоде Линденің перфомансы көрсетілген.
Ол «Ауыртатын торт» деп аталады және 2012 жылдың сәуірінде өткен. Суретшінің өзі түсіндіргендей, перфоманстың мақсаты қара нәсілді әйелдер мен жалпы Африка халқының проблемаларына назар аудару болды.
Ол кезде адамдардың көбі Линденің идеяларын бағаламады және мұндай қойылымдарға қарсы болып, оларды сексистік және нәсілшілдік деп атады. Алайда, Линде баспасөзге сұхбат берген кезде де, одан кейін де каннибализм туралы ештеңе айтқан жоқ. Сондай-ақ жұмбақ «глобалистердің» перфомансқа қатысы болмағаны анық.
Демек, таратылған мәлімдеме – фейк. Каннибализм тұрақтандыру әрекеті жасалып жатқан жоқ.