Fake News

Фейк: «Фармацевтика саласының алыптары егілмеген адамдарға салық салуды жоспарлап отыр»

Telegram мессенджерінде фармацевтика саласының алыптары демеушілік еткен газетте COVID-19 қарсы вакцина алмағандарға арнайы салық салуға үндеу жарияланды деген ақпарат тарады. Бұл жалған.

Таратылған хабарламада Оксфорд университетінің бизнеске салық салу орталығының порталы туралы айтылған. Биыл 16 мамырда онда «Егілмегендерге салық салу: пандемия кезіндегі экстерналии және патернализм» деп аталатын мақала жарияланғаны рас. Автор Канадада, Квебек провинциясында COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тарту салығының себептері мен ықтимал салдары туралы жазады.

Мұндай салықты енгізу туралы әңгіме болды. Биыл қаңтар айында бұл ұсынысты Квебек премьер-министрі Франсуа Лего мәлімдеді. Алайда, осы жылдың 1 ақпанында Легоның бұл жоспардан бас тартқаны және Квебекте вакцинацияланбаған адамдарға салық салынбайтыны белгілі болды.

Басқа қай елдерде мұндай салықтың енгізілгені туралы ақпарат жоқ.

Демек, фармацевтика саласының алыптары вакцинацияланбаған адамдарға салық салуды жоспарлап отыр деген ақпарат – фейк. Жоғарыда келтірілген мақалада автор егілмеген адамдарға салық салуды жоспарлаған канадалық Квебек провинциясын мысал ретінде келтіріп, мұндай шараның қаншалықты орынды екендігі туралы ой қозғайды. Кейін ол бұл идеядан бас тартты.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button