Фейк: «Алкоголь араб сөзінен шыққан, «денені жейтін рух» дегенді білдіреді
Қазнетте «Әл-куль – араб сөзі, одан «алкоголь» сөзі шыққан. Әл-кул «денені жейтін рух» дегенді білдіреді» деген жазуы бар сурет тарады. Бұл олай емес.
Бұл сөз шынымен араб тілінен шыққан – «al- kuḥl» (әл-куль), ол «спирт» немесе «сүрме ұнтағы» («кохль» – араб тілінде сүрме) деп аударылады. Кейіннен араб сөзін еуропалық алхимиктер ұнтақ немесе тазартылған затты атау үшін қолданылды, содан кейін «алкоголь» сөзі дистилденген заттар мен этанол (спирт) дегенді білдіре бастады.
Орыс тілінде «алкоголь» сөзі 1863 жылы В.Даль сөздігінде айтылған. Ал «алкогольдеу» сөзін (алкогольмен қанықтыру, алкогольге айналдыру) Даль «ұнтаққа айналдыру» деп түсіндірген, бұл сөздің бастамқы араб этимологиясына қайтарады.
«Денені жейтін рухқа» келетін болсақ, араб мәдениетінде адам жейтін шөл перісі – «әл-гуль» («рас эль-гуль») бар. «Әл-куль» (ұнтақ, алкоголь) және «әл-гуль» (адам жейтін пері) сөздерінің естілуі бірдей, демек, терминдердің мағыналары да араласып, шатасып кетуі мүмкін.