Fake News

Фейк: «Мексикада белгісіз сәулелендірудің салдарынан жүздеген құс қырылып қалды»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар кенеттен төмен қарай ұшып, жерге және ғимараттардың қабырғаларына тиіп, қырылған құстар тобының кадрларымен бөлісуде. Видео астынан «құстар белгісіз сәулелендірудің әсерінен асфальтқа құлаған» деп жазылған. Бұл олай емес.


Бұл түпнұсқа видео. Оқиға осы жылдың 14 ақпанында Мексиканың солтүстігіндегі Чиуауа қаласында сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған.

Алайда мамандар құстардың мұндай іс-қимылына сәулелену әсер етті деген болжамды жоққа шығарды. El Heraldo de Chihuahua газетінің тілшілерімен сөйлескен ветеринарлар ұсынған бастапқы нұсқа бойынша, құстардың жаппай қырылуына ауаның ластануы немесе сымның тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Өйткені, Мексиканың солтүстігінде суық ауа райына байланысты соңғы күндері адамдар ағашпен жылытуды қолдануға мәжбүр болды, бұл ауа сапасына септігін тигізді.
Бірақ кейіннен британдық Экология және гидрология орталығының докторы Ричард Бротон, құстардың мұндай іс әрекеттеріне бақылау камераларынан биік ұшқандықтан видеода көрінбей қалған жыртқыш құс әсер етуі мүмкін деген болжам айтты.
– Бұл жыртқыш құс, қаршыға ма, сұңқар ма, олар құстарды бір ұя балапандарымен бірге қуған, нәтижесінде құстар күрт төмендеуге мәжбүр болғандықтан, құлап, қырылған. Видеода құстарды биіктіктен толқын шайып кеткендей көрінеді», – деді ол The Guardian порталына.
Манчестер астаналық университетінің (Manchester Metropolitan University) докторы Александр Лис те құстардың өліміне жыртқыш құс себеп болуы ықтимал дегенмен келісті.
Сарапшылардың айтуынша, Мексикада солтүстік ақсары ителгі қыстайды – бұл қоныс аударатын құстардың отарына шабуыл жасауы мүмкін жыртқыш құс.
Осыған ұқсас оқиға 2019 жылы Солтүстік Уэльсте болған. Ол кезде қарақұйрықтар тобы жыртқыштан құтылмақ болып, жерге құлаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button