Әртүрлі елдерде жоқ ғалымдардың атынан бір фейк таратылуда
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер ғалымдардың бір тобы COVID-19, шын мәнінде, жай тұмау болып шыққандықтан АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығын (CDC) сотқа берді деген ақпарат тарады. Ғалымдар COVID-19-ға ПТР талдауының оң нәтижесі бар адамдардан алынған биологиялық материалдың 1500 үлгісін талдап, олардың ешқайсысынан SARS-CoV-2 коронавирусын анықтамаған екен. Мұның бәрі өтірік.
Таралған жарияланымда калифорниялық клиницист ғалым иммунолог-вирусолог Дерек Кнаусс COVID-19-ға ПТР талдауының оң нәтижесі бар адамдардан алынған 1500 биоматериалдың үлгілерін талдап, бұл адамдардың барлығы А және В тұмауымен ауырғанын, ал SARS-CoV-2 коронавирусын мүлдем анықтамағаны айтылған.
Былтыр сәуір айында Желінің грузин сегментінде дәл осындай мәлімдеме таралды. Ол кезде Myth Detector порталының фактчекерлері Калифорнияда Дерек Кнаусс есімді иммунолог-вирусолог жоқ екенін анықтады. Интернетте де бұл ғалымның жазған ғылыми еңбектері немесе диссертациялары табылған жоқ. Грузияда таралған видеода талданған үлгілер туралы ақпаратты блогер Патрик Ганнелс айтады, бірақ төменде экранның сол жақ бұрышында көрсетілген титрда оның доктор Дерек Кнаусс екені жазылады. Осының бәріне сүйене отырып, Myth Detector порталында мақала авторлары доктор Дерек Кнаусс ойдан шығарылған кейіпкер деген қорытындыға келеді.
Бір қызығы, Испания, Италия және АҚШ қолданушылары да талданған 1500 үлгі туралы дәл осындай фейк таратқан. Алайда, әр елде жаңалықтың авторлары әр түрлі адамдар болды. Мысалы, испан тілді аудиторияға бұл туралы доктор Джо Ризоли хабарлады. AFP Factual фактчекерлері Желідегі қол жетімді ақпаратты тексеріп, covid-оң пациенттердің биоматериалының 1500 үлгісіне талдау жасаған осындай есімді ғалым жоқ деген қорытындыға келді.
Испанияда пайдаланушылар «жаңалықты» Эндрю Вай есімді ғалымның атынан таратты. Open фактчекинг порталы 1500 үлгіде SARS-CoV-2 коронавиурсының болуына талдау жасағаны туралы деректерді жариялаған осындай есімді ғалымның табылмағанын хабарлады.
Желінің ағылшын тілді сегментінде ғалым Роберт Освальдтың атынан ПТР талдауының оң нәтижесі бар пациенттерден алынған материалды талдау туралы ұқсас ақпарат таратылды. Алдыңғы «авторларға» қарағанда, бұл адам бар. Роберт Освальд – вирусолог және иммунолог, Корнелл университетінің молекулалық медицина кафедрасының қызметкері. Бірақ ол covid-оң нәтижесі бар адамдардың 1500 үлгісі бойынша ешқандай зерттеу жүргізбеген және CDC-ті сотқа берген жоқ. Ол Snopes порталының фактчекерлеріне таратылған хабарламаға ешқандай қатысы жоқ екенін өзі айтқан.
COVID-19 бар екендігіне ғылыми дәлелдер көп. Аурудың қоздырғышы, SARS-CoV-2 коронавирусын әлемдегі әртүрлі ғалымдар жеке оқшаулаған. Бұл туралы біз жазған болатынбыз.
COVID-19 тұмаудан өзгеше. Біріншіден, бұл аурулар әртүрлі вирустарды тудырады, екіншіден, олардың белгілері әртүрлі.
Демек, CDC-ке қатысты сотқа талап-арыз берілгені және доктор Дерек Кнаусстың «жаңалығы» туралы таратылған ақпарат грузин, испан, итальян және америкалық фактчектер жоққа шығарған фейк болып табылады.