Fake News

Фотофейк: «Желіде 1916 жылғы жауынгерлік роботтың суреттері тарады»

Әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы РНАИ ҒЗИ көшкен кезде табылған фотосуреттер топтамасы таратылуда. Суреттерде адамдардың қасында тұрған 1916 жылы қолданылған үлкен робот бейнеленген. Бұл фейк.

Фотоколлаж 2021 жылы жазда Рунетте кеңінен тарады. Кейбіреуілерінің астында 1916 жылы, яғни патша Николай II өмір сүрген кезде түсірілген деген жазу бар.
Суреттер жоғалып кеткен, бірақ Ресей Федерациясының РНАИ ҒЗИ көшкен кезде табылған. Бір қызығы, видео жинақ авторлары бұл аббревиатураны ашып жазбайды, бұл суреттердің қайдан шыққанын анықтауды қиындатады.
Желіде тарихи фотосуреттер сақталған Ресей Федерациясы РНАИ ҒЗИ мекемесі туралы ақпарат жоқ. Алайда, Ресей Ғылым Академиясының Ресей тарихы институты және Ресей мемлекеттік жаңа тарих мұрағаты бар.
Ресей тарихы институты соңғы рет 1960 жылы көшті. Көшу кезінде де, көшкеннен кейін де жауынгерлік роботтың суреттері табылғандығы туралы еш жерде хабарланған жоқ.
Ресей мемлекеттік жаңа тарих мұрағаты 2017 жылы жаңа ғимаратқа көшті. Бұл жолы да ерекше суреттердің табылғаны туралы ақпарат болмады. Сонымен қатар, мұрағат сайтынан ондағы қорлардың толық тізімін көруге болады. Оларда да 1916 жылы және оған дейінгі жылдары шығарылған жауынгерлік роботтар туралы ештеңе айтылмаған. 

TinEye кері сурет іздеу құралы коллаждағы суреттердің кемінде біреуі компьютерлік өңдеудің нәтижесі екенін көрсетті. Біз сервистің көмегімен түпнұсқа суретті таба алдық, бірақ онда робот жоқ. 
Фотосуреттің компьютерлік бағдарламалар арқылы өңделгенін анықтауға мүмкіндік береді Fotoforensics деп аталатын тағы бір қызмет коллаждағы барлық суреттер өңделгенін және жасырын қабаттары бар екенін көрсетті. 
Сондай-ақ, мұндай «тарихи» суреттерді жасау Желіде көп кездесетінін атап өткеніміз жөн. Мысалы, 2012 жылы австралиялық студенттер 1917 жылғы ресейлік революция бойынша емтиханда Николай Кочергиннің «1917 жылғы 25 қазандағы қысқы сарайға шабуыл» картинасының көшірмесі ұсынылды, онда төңкерісшілерге үлкен жауынгерлік роботтың «көмектесіп» жатқаны бейнеленген.

Бұл ретте, түпнұсқа суретте робот жоқ, ал емтиханды дайындаушылар кейіннен суреттің репродукциясы PhotoShop-та өңделгенін ескермегендерін мойындады. Пайдаланушылар роботтың өзін таныды. Тарихи суретте BattleTech ойынындағы Marauder жауынгерлік роботы салынған екен. 
Ал қазір таратылып жатқан суреттерде бейнеленген робот Wolfenstein: The New Order ойынындағы Прототип Роботқа қатты ұқсайды.
1916 жылы әлемдік ғылым мен техниканың даму деңгейінде мұндайды жасауға мүмкін емес. Дене құрылысымен адамға ұқсас алғашқы жұмыс істейтін робот 1928 жылы ғана құрастырылған. Ол «Мистер Теловокс» деп аталды және аяқ-қолын қозғалтып, қарапайым дыбыстық командаларды орындаған. Кеңес Одағында адамға ұқсайтын алғашқы робот 1930 жылдардың басында ғана жасалды және Париждегі дүниежүзілік көрмеде таныстырылды. Оның биіктігі 1,2 метр болды, ал оны басқару үшін радиобайланыс пайдаланылды.

Сонымен, Желіде тараған 1916 жылғы робот бейнеленген фотосуреттер жиынтығы фейк болып табылады, өйткені: коллаждағы барлық суреттер компьютерлік өңдеуге ұшыраған. Түпнұсқа фотосуреттерде робот жоқ. Ресей Ғылым Академиясының Ресей тарихы институтында да, Ресей мемлекеттік жаңа тарих мұрағатында да 1917 жылғы революция кезінде жасалған роботтар туралы ақпарат жоқ. Әлемде алғашқы жұмыс істейтін адамға ұқсас робот 1928 жылы құрастырылды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button