Fake News

Желіде КВИ қарсы вакциналарда графеннің боулының «дәлелдерін» таратуда

Telegram қолданушылары COVID-19 қарсы вакциналарда құпия компонент графеннің және оның туындыларының болуының «дәлелдері» ұсынылған мәтінмен бөлісуде. Бұл тезистер ештеңені дәлелдемейді. Неге екенін талдап көрсетейік.

Тізімдегі алғашқы дәлел – Pfizer шығарған вакциналарда графеннің бар-жоғын дәлелдейтін микроскопия туралы есеп. Оны 2021 жылғы 28 маусымда доктор Пабло Кампра жасаған екен. Титулдық парақшада зерттеу Альмерия институтының қолдауымен жүргізілгені жазылған.
Шын мәнінде, бұл институттың әкімшілігі зерттеуге қатыспағанын және онда көрсетілген қорытындыларды қолдамайтынын ресми түрде мәлімдеді. 
Ғылыми қауымдастық та есепті сынға алып, онда көрсетілген фактілердің дұрыстығына күмән келтіретін бірнеше әлсіз тұстарын атап өтті.
Біріншіден, Пабло Кампра Comirnaty вакцинасының құтысына талдау жасағанына ешқандай дәлел жоқ. Француз FactAndFurious басылымы Кампреге зерттеуге арналған материалды басқа бір танымал вакцинацияға қарсы адам испан Рикардо Делгадо жіберген курьердің жеткізгенін жазады. 
Екіншіден, талданатын материалмен жұмыс барысында әр қадам тіркеліп, құжатталуы тиіс, ол жоқ.
Үшіншіден, Пабло Кампра тапқан заттың графен екенін дәлелдейтін флуориметрия нәтижелері іс жүзінде күмәнді және әртүрлі заттар, соның ішінде нуклеин қышқылдары да алынған мәндерге сәйкес келуі мүмкін.
Төртіншіден, есепте спектрофотометрдің тиісті калибрленуі жүргізілгені туралы айтылмаған, бұл нәтижелерді сенімсіз етеді. 
Айта кетейік, «дәлелдер» келтірілген мәтінде Рикардо Дельдаго Пабло Кампра жүргізген зерттеудің тапсырыс берушісі болғандығы айтылмаған. Оның орнына, Делдаго Pfizer вакциналары 99% графен оксидінен тұратынын анықтады деп жазылған. Бұл жалған. Дельдагоның осы зат туралы және оның иммундауға арналған препараттарда болатыны туралы барлық мәлімдемелері басқа ғалымдар сынға алған Кампра әзірлеген есеппен ғана расталады.
Сонымен қатар, таратылған мәтінде La Quinta Columna-ның «зерттеу тобы» КВИ қарсы түрлі вакциналарда графен оксидінің нанобөлшектерін тапқаны туралы айтылады. Шын мәнінде, La Quinta Columna – бұл ғалымдар тобы емес, бірақ Рикардо Делдаго негізін қалаған және COVID-19 пандемиясына және осы дертке қарсы вакциналарға қатысты қастандық теориялары мен жалған ақпарат таратуға арналған блог. Вакциналарда графеннің немесе оның оксидінің бар екендігін дәлелдейтін мақалалар рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланбаған. Демек, La Quinta Columna тобының зерттеушілері жаңалық ашты деген мәлімдеме толығымен негізсіз.
Мәтінде аталған есімдердің бірі – COVID-19 қарсы вакциналарда графен гидроксидін анықтаған және «жаңалық ашқаннан кейін көп ұзамай өлтірілген» Андреас Ноак. Ол туралы біз жазған болатынбыз. Бір қызығы, ол Пабло Кампраның теріске шығарылған зерттеуіне сүйенеді, ал Альмерия университеті ғалымның тұжырымдарына қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді. Ноактың өліміне келетін болсақ, полиция кісі өлтіру теориясын жоққа шығарды, ол дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізген кезде жедел жәрдем көлігінде табиғи себептермен қайтыс болған. 
Естеріңізге сала кетейік, COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы құпия емес және баршаға қолжетімді. Олардың ешқайсысында графен немесе оның туындылары жоқ.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac;
CoronaVac;
Vero Cell.

Екпелердің құрамында графен және оның туындылары бар деген теорияларды мамандар мен фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.
Олардың препараттарда болуының «дәлелдері» ұсынылған ақпарат – әртүрлі covid-диссиденттер сүйенген Испанияның вакцинаға қарсы белгілі тұлғаларының бірі тапсырыс берген зерттеу болып табылады. Ол жалған деп танылып, теріске шығарылды. Демек, таратылымда келтірілген тезистерге сенуге болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button