Fake News

Фейк: «Испан тұмауы пандемиясы жаппай вакцинациядан болды»

Қазнет қолданушылары 1918-1920 жылдары испан тұмауы пандемиясының болу себептері туралы теориялармен бөлісуде. Кейбірінің пікірінше, ауру вирустың әсерінен емес, тікелей жаппай егу науқаны салдарынан болған. Бұл жалған.

Испан тұмауы пандемиясы 1918 жылы басталды. Жөтел, қызудың көтерілуі, тыныс алудың қиындауы және әлсіздік сияқты белгілері бар ауру Еуропада, Солтүстік Америкада, Азияда, одан кейін әлемнің басқа бөліктерінде таралды. Әр түрлі бағалаулар бойынша, шамамен 500 миллион адам немесе сол кездегі әлем халқының үштен бірі ауырған. Сарапшылар зардап шеккендердің санын әр түрлі бағалайды – 20-50 миллионға дейін.
Аурудың қоздырғышы H1N1 тұмау вирусы болды. Бұл – ғылыми дәлелденген факті. Оны қазіргі ғалымдар тексерді. 2004 жылы АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мамандары тәжірибе жүргізді, оның барысында 1918 жылғы пандемияға себеп болған вирус қайта жасалды. 
Испан тұмауының қоздырғышы вирус болғандығын қабылданған карантиндік шаралардың тиімділігі растайды. Пандемия кезінде көптеген елдерде мектептер мен қоғамдық орындар жабылды, бетперде тағу міндетті болды, қоғамдық көліктер қозғалысы шектелді, адамдар әлеуметтік қашықтықты сақтап, мүмкіндігінше үйде болуға тырысты.

Мұның бәрі науқастар санының азаюына әкелді. Егер аурудың себебі өткен вакцинация компаниялары болса, онда жоғарыда аталған барлық шаралар мағынасыз болып, адамдар толық оқшауланса да екпе салдырғандардан «испан тұмауын» жұқтыратын еді.
Жаппай егу науқандарының Испан тұмауына себеп болуы екіталай, өйткені ауру алғаш рет өршіген кезде бүкіл әлемде вакциналар саны өте аз болған. CDC-дің «Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер, 1900-1998» есебіне сәйкес, 1900 жылға дейін шешек, құтыру, іш сүзегі, тырысқақ және обаға қарсы вакциналар шыққан.

Дегенмен, олар кеңінен қолданылған жоқ. Вакцинация науқандары дамыған елдерде белгілі бір адамдар арасында өткізілді. 
Жауынгерлер халықтың егілуге тиіс топтардың бірі болды. Алайда, егу науқандарының Испан тұмауы пандемиясын тудыруы мүмкін емес, өйткені олар ауру шыққанға дейін болған. Ұлттық денсаулық сақтау институтының (NIH) Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығы (NCBI) 2018 жылы жариялаған құжатқа сәйкес, «шешектің алдын алу бойынша алғашқы ауқымды науқан 1777 жылы Құрлықтық әскерде жүргізілген».
Джонс Хопкинс Университетінің Блумберг Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі жариялаған мақалада америкалық әскери қызметшілердің 1775-1783 жылдар аралығында Американың тәуелсіздігі үшін соғыс кезінде шешекке қарсы егілгендігі айтылған. Содан кейін сарбаздар 1812 жылғы соғыс, 1846-1848 жылдардағы Америка-Мексика соғысы, 1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы және 1898 жылғы Испан-Америка соғысы кезінде вакцинацияланған.
Ол кезде егу науқандары аурудың, әсіресе індет пен пандемияның өршуіне әкелмегені баршаға аян.
Құжатта әскери қызметшілердің шешек, іш сүзегі, сіреспе және дифтерияға қарсы егілгені туралы мәліметтер бар.
«Бірінші дүниежүзілік соғыстың антисанитариялық жағдайында әскерлерді іш сүзегі бактерияларынан қорғайтын вакцинаның арқасында. Іш сүзегімен ауырған 2000-ға жуық адам тіркелді, әскери форма киген 4,1 миллион америкалықтың 227-і адам көз жұмды», – делінген хабарламада.
Бұл вакциналар ауру тудырмай, керісінше оларды басуға септігін тигізгенін көрсетеді, бұл ауыру, ең бастысы, алдын алуға болатын дерттен қайтыс болу жағдайларының санын едәуір азайтты.
Испан тұмауынан бұрын басқа ауруларға қарсы егілген адамдар ғана көз жұмды деген тұжырым манипулятивті. Бүгінде 1918 жылғы пандемиядан зардап шеккендердің барлығының егжей-тегжейлі медициналық жазбалары жоқ. Тиісінше, олардың өмірінде вакцина алған-алмағанын сенімді түрде айту мүмкін емес. Алайда, әлем халқының үштен бір бөлігі ауру жұқтырғанын және ХХ ғасырдың басында халықтың барлық санаттарына арналған жаппай егу науқандары болмағанын ескере отырып, ауырғандардың басым бөлігі вакцина алмаған деп пайымдауға болады.
Қорыта айтқанда, «испан тұмауына» вирус емес, вакциналар себеп болды деген болжам ғылымға қарсы. Біріншіден, аурудың қоздырғышы H1N1 тұмауының вирусы екендігі ғылыми дәлелденген дерек. Екіншіден, ХХ ғасырдың басында әлем халқы емес, дамыған елдерде жекелеген топтар ғана вакцинацияланды. Үшіншіден, жауынгерлер арасында егу науқанын жүргізу мерзімдері 1918 жылғы пандемияның басталуымен сәйкес келмейді. Төртіншіден, Испан тұмауымен оған дейін басқа ауруларға қарсы егілген адамдар ғана ауырған деген тезисті растайтын жазбалар жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button