Fake News

Фейк: «Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті – жеке меншік»

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шын мәнінде жеке ұйым екендігі туралы хабарлама таратылуда. Statsnet.co порталында осындай ақпарат жарияланған. Бұл кім және оған неге сенуге болмайтынын айтып берейік.


Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті порталда жарияланған ақпаратқа қатысты жағдайға түсініктеме берді. Мамандардың айтуынша, Statsnet.co ресми ақпарат көзі болып табылмайды және онда көрсетілген деректерге толық сенудің қажеті жоқ.

– Сайтта ұсынылған деректерінің бір бөлігі қате және дұрыс емес мәліметтер. Мысалы, Департамент республикалық мемлекеттік мекеме болып табылатынына қарамастан, оның меншік нысаны «жеке меншік» ретінде көрсетілген. Осыған ұқсас қателіктер көптеген басқа мемлекеттік мекемелердің деректерінде жіберілгенін атап өткеніміз жөн, – делінген ведомство жауабында.

Дұрыс емес деректер қаржылық ақпарат ұсынылған бағандарда да көрсетілген. Порталда жылдық бағалау кірісі және келісімшарттардан түсетін табыс жазылған жолдар бар. Алайда, департаментте бұлар жоқ және болуы мүмкін емес.

– Бұл ретте жоғарыда көрсетілген сайтта департаменттің жылдық бюджеті, басқа мемлекеттік мекемелердегідей «жылдық бағалау түсімі» ретінде көрсетілген, Департаменттің жұмыс істеуі үшін жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы деректер «келісімшарттардан түскен түсім» ретінде көрсетілген, бұл да дұрыс емес ақпарат болып табылады, – деп хабарлады ведомстводан.

 

Порталды жасаушылар департаменттің пошта мекен жайында да қателескен. Бөлім қызметкерлерінің саны да дұрыс емес. Ресми мәліметтер бойынша департаментте және оның 8 аудандық басқармасында 290 қызметкер жұмыс істейді, ал сайтта бөлімде 251-ден 500-ге дейін адам қызмет етеді делінген, ал аудандық бөлімшелердің болуы туралы мүлдем айтылмаған.
Қорыта айтқанда, Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жеке меншік екендігі туралы ақпарат дұрыс емес. Бұл іс жүзінде республикалық мемлекеттік мекеме, кірісі жоқ және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button