Fake News

Манипуляция: Израиль премьер-министрі екпе салдырмағандар Мәсіхтің келуін кешіктіретінін мәлімдеді

Қазақстандық әлеуметтік желілерде Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетттің «Мәсіхті тоқтату» туралы мәлімдемесі таратылуда. Хабарлама авторлары Киелі кітаптағы ұғымдармен және анықтамалармен манипуляция жасауда.

Бұл ақпарат Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет Рош ха-Шан – еврей жаңа жылына дейін бір ай бұрын жасаған үндеуінен кейін шыққан. Шенеунік вакцинациядан бас тарту жаңа шектеулерге, соның ішінде мереке кезінде шектеулерге алып келуі мүмкін екенін айтқан.

«Егер Элулада екпе салдырсақ, онда Тишрейде шофарды ести аламыз», – деп жазды басылым премьер-министрдің сөзін келтіре отырып.

Шофар – бұл еврейлердің дәстүрлі үрмелі аспабы, діндарлар оны мереке кезінде ғибадат барысында ойнайды. Рош ха-Шан кезіндегі шофардың дыбысы Машиахтың (Мәсіхтің) келгенін еске салады. Ықтимал шектеу шаралары салдарынан әдет-ғұрыптан бас тартуға тура келетіні туралы хабарламаны шетелдік дереккөздерден «Мәсіхтің келетінін тоқтату» деп аударған.

Айта кетейік, елдің Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға белгілі бір ережелерді сақтай отырып, шофарда ойнауға рұқсат берді.

Дегенмен, мерекенің өзі кейінге қалдырылған жоқ. Израиль премьер-министрі де вакцинациядан бас тарту Мәсіхтің келуіне әсер етуі мүмкін деп айтқан емес.

 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button