Fake News

Дәлелсіз: «Кәдімгі «синька» коронавирусты емдейді»

Қазнет пайдаланушылары метилен көк «синьканың» COVID-19 тиімді емдеу қабілеті туралы бейнероликпен бөлісуде. Видео авторының айтуынша, фармакомпаниялар вакциналарды сатудан көп ақша табуы үшін осы тақырыптағы зерттеулердің нәтижелері мұқият жасырылады. Бұл жалған.

Метилен көк – бұл антисептик, ол қара көк сұйықтық болып табылады. Көбінесе ол күйіктерді, пиодермияны, фолликулитті, зәр шығару жолдары ауруларын және т.б. емдеу үшін сырттай немесе жергілікті жерде қолданылады. 
2020 жылдың соңында ғалымдар метилен көгін COVID-19 кезіндегі жедел респираторлық дистресс-синдромын емдеу үшін қолданылуы мүмкін деген теорияны алға тартты, өйткені препарат аурудың ауыр асқынуларына жауап беретін гипервинфляциялық реакция тудыра алады.
Алайда, теория авторлары метилен көк COVID-19 жұқтырған науқастарға жағымды әсер етуі мүмкін екенін айтқан жоқ. Олар ерітіндінің әсерін сынап көруді және оны қолданудың орындылығын бағалауды ұсынды.
Содан бері клиникалық зерттеулер басталды, олар осы уақытқа дейін жалғасуда. Атап айтқанда, клиникалық медицина журналы SARS-CoV-2 вирусына таза метил көк және оның ерітінділерінің әсері туралы зерттеу жариялады. Патогендегі заттың өзара әрекеттесуі in-vitro, яғни тірі ағзада емес, түтікте тексерілді.
– Метилен көк, метгемоглобинемияны емдеуге арналған АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы мақұлдаған препарат микромолярлық диапазонда жақсы SARS-CoV-2 in vitro әлеуетін көрсетті. Сондай-ақ, ол безгекке қарсы препараттарымен, соның ішінде хинин, мефлохин немесе пиронаридинмен бірге қолданғанда да өз әлеуетін көрсетті. Метилен көк SARS-CoV-2 Vero E6 жасушаларына енгенде де, енгеннен кейін де (репликациядан кейін) әсер етті. Метилен көк жануар моделінде, содан кейін вирусқа қарсы әсерін растау үшін адамдарда in vivo қосымша бағалауды қажет етеді», – делінген зерттеу қорытындысында.
Яғни, ғалымдар ерітіндіні адамдар қабылдауы керек деп айтқан жоқ, тек оның әлеуетін көрсетіп, зерттеуді одан әрі жалғастыруға кеңес берді.
COVID-19-бен күресте метил көкінің тиімділігін зерттеу де Nature журналында ағымдағы жылдың 12 шілдесінде жарияланды. Қорытындыда препаратты зерттеуді жалғастыру, адамдар үшін қауіпсіз дозаларды анықтау және препаратты қолдану кезінде тиімділігі мен мен қауіптің арақатынасын сенімді түрде анықтау ұсынылады. (https://www.nature.com/articles/s41598-021-92481-9)
Сынақтар аясында метилен көк еріктілерде қолданыла бастады. Желіде осындай сынақтардың екінші кезеңі туралы есеп орналастырылған. Ғалымдар бұл препарат пациенттердің сауығуына жағымды әсер етті, тіпті ауруханаға жатқызу мен өлім-жітім көрсеткішінің азаюына ықпал етті деген қорытындыға келді. Қазіргі кезде бұл зерттеулер жалғасуда.
Үндістанда адамдарға осыған ұқсас зерттеу жүргізілді. Метилен көк Ададжан қаласындағы жеке көп салалы аурухананың пациенттеріне тағайындалды. Алайда, нәтижелер күтілгендей болмады.
«Өткен жылы біз коронавирусты емдеуде қандай дәрі – дәрмектің тиімді екенін анықтауға тырысқан кезде метилен көгін енгіздік, бірақ метилен көктің оны емдей алатынына еш дәлел таба алмадық», – деді COVID-19 IMA іс-қимыл Комитетінің үйлестірушісі, доктор Нимал Хорария.
Таратылған ролик авторы clinicalTrials.gov порталында жарияланған зерттеулерге сүйенеді. Алайда, ол бұл сайтта аяқталмаған зерттеулер де жарияланатынын көрсетпейді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта платформада метилен көгін қолдануға арналған екі тәжірибені табуға болады. Олардың екеуі де жалғасуда, бұған Recruting белгісі дәлел болады, яғни еріктілерді қабылдау әлі де жүріп жатыр.
Қорыта айтқанда, метилен көгінің COVID-19 емдей алатыны туралы зерттеулер мүлдем жасырын дүние емес және ол туралы айтылады. Бұл туралы есептер баршаға қолжетімді, сондай-ақ беделді ғылыми журналдарда жарияланған. Метилен көгін әлі де болса КВИ-ді емдеу үшін кеңінен қолданылмауының себебі, зерттеулердің аяқталмауы немесе осы дәрі-дәрмекті қолданудың пайдасы мен қаупі туралы біржақты қорытынды жасауға мүмкіндіктің болмауы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button