Fake News

Фейк: «Вакциналар жануарлардың органдарында өсіріледі»

Қазақстандықтар арасында танымал Telegram-чатта вакциналар жануарлар органдарында өсіріледі деген ақпарат тарады. Пост авторының айтуынша, барлық вакциналар құрамында жануарлардың ДНҚ мен РНҚ болатыны да сондықтан. Бұл жалған.


Вакциналар жануарлардың органдарында «өсіріледі» деп ғылыми негізделген себептер жоқ. Бұл жаңсақ пікір вакциналар мен басқа да дәрі-дәрмектегі кейбір жарамды компоненттер жасуша желілерінде өсірілетініне негізделген болар. Бірақ, біріншіден, жасуша желілері – бұл мүшелер емес, бұл Петри ыдысында ағзадан бөлек өсірілетін тіні бірдей жасушалар тобы. Екіншіден, бұл жасушалардың іздері дәрі-дәрмекте болмайды, өйткені қажетті элементтерді алғаннан кейін олар хроматографиялық тазартудан өтеді. Бұл тазарту әдісі кеңінен тараған және өнеркәсіп пен ғылымда биомолекулаларды бөлу үшін қолданылады.
COVID-19-ға қарсы иммундау препараттары бұрын жасалған SARS коронавирусына қарсы вакциналар негізінде әзірленді. Бұл штаммға қарсы дәрі-дәрмек шығарылып, клиникаға дейінгі сынақтардан өткен, бірақ қаржыландыру тоқтатылғандықтан адамдарда мүлдем сыналмаған.
COVID-19 қарсы вакциналар құрамында жануарлардың ДНҚ, олардың қан жасушалары немесе мүшелері жоқ. Препараттардың құрамдарымен және олар туралы ақпаратпен мына жерде танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac.

Қорыта айтқанда, вакциналар жануарлардың мүшелерінде өсірілмейді және құрамында олардың ДНҚ немесе қан элементтері болмайды. Дәрі-дәрмекке арналған кейбір белсенді заттар Петри ыдыстарындағы жасушалық желілерде өсіріледі, алайда қажетті элементтерді алғаннан кейін олар арнайы тазартудан өтеді, бұл вакциналарда бөгде элементтердің болмауына кепілдік береді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button