Fake News

Қазнетте мектептерде есірткі сату туралы ескі видео таратылуда

Қазнет қолданушылары оқушыларға есірткі сату туралы ескі видеоны таратуда. Кадрларда анасының сөзіне жауап бере алмай, өз бетінше тұра алмайтын бала көрсетілген. Бұл ролик Қазақстанда емес, басқа елде түсірілген.


Видео 2019 жылдың соңында кеңінен тарады. Онда анасының қарапайым сұрақтарына жауап бере алмай, өзін нашар сезініп тұрған бала көрсетілген.
Бұл видео әлеуметтік желілерде және What ‘ sApp топтарында таратылуда. Сондай-ақ видеода оқушыға снюс қосылған «кәмпит» берген деп жазылған. Снюс – бұл шайнайтын темекінің бір түрі, оны жегенде ағзаға көп мөлшерде никотин түседі.
Шын мәнінде, бұл оқиға Ресейдің Новосібір қаласында орын алған.


Шайнайтын темекіден уланудың салдарынан бала кенеттен ауырып қалып, сұрақтарға жауап бере алмай қалған.
Бұл видеоның Қазақстанға қатысы жоқ. Елімізде снюс сатуға тыйым салынған. Бұл үшін 500 мыңнан миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button