Фейк:«COVID-19 қарсы вакциналар мидың оң жарты шарын басып тастайды»
Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакциналар құрамында «люцифераза гені» болғандықтан мидың оң жарты шарын басып тастайды деген хабарлама талқылануда. Бұл болжам толығымен ғылымға қарсы және бүгінде жоққа шығарылған қастандық теорияларына негізделген.
Люцифераза немесе люциферин атауына қарамастан, оның қараңғы күштерге және әлемдік қастандыққа ешқандай қатысы жоқ екенін бұған дейін жазған болатынбыз.
Люциферин ген емес. Бұл энергия мен жарық шығарумен қатар жүретін реакцияларды катализдейтін тотығу ферменттерінің субстраты. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл биолюминесценцияға жауап беретін компоненттер. Люцифериндер саңырауқұлақтарда, жарық қоңыздардың ағзаларында, ұлулар, қоңыздар, кальмар, асшаяндар, балықтар мен жәндіктерде кездеседі.
Ол адам ағзасының қандай да бір мүшелерін басып тастай алмайды. Сонымен қатар, егер вакцинациядан кейін мидың бір бөлігі рас жұмыс істемей қалса, оны байқамау өте қиын болар еді. Мидың қандай да болмасын бөлігінің қызметі «басылып қалса», онда адам денесінің жартысы қозғалмай қалады, жалпы қозғалыстардың үйлестірілуі және бірқатар танымдық қабілеттері бұзылады. Алайда, шамамен бір жыл өткен соң, мидың қалған бөлігі бейімделіп, гипотетикалық тұрғыдан зардап шеккен адамның барлық жоғалған қабілеттері, соның ішінде аяқ-қолдарының қозғалғыштығы қалпына келеді.
Әлемде медициналық себептермен мидың белгілі бір бөліктерінен айырылған адамдар бар. Барлық жағдайларда дәрігерлер «нейрондық икемділік» деп аталатын жайтты байқады. Бұл адам миы өмір бойы дамуға мүмкіндік беретін құбылыс: жаңа тілдерді үйрену, қоршаған орта жағдайларына бейімделу және жаңа дағдыларды игеру. Сондай-ақ, бұл құбылыс жарақат алғанда немесе хирургиялық араласулар жағдайында, мидың аман қалған бөлігіне жойылған немесе зақымдалған бөлік жауап берген қосымша функцияларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, әлеуметтік желілерде жазылған мидың оң жақ жарты шарыны «басылып қалуы» ұзақ мерзімді перспективада мағынасыз және қысқа мерзімді перспективада ел экономикасы үшін жойқын болады. Бұл жаппай вакцинациядан кейін адамдар бір жылға дейін жұмыс істеу қабілетін жоғалтады дегенді білдіреді.
Қорыта айтқанда, люцифераз «гені» мен мидың бір бөлігінің басылып қалатыны туралы хабарлама жалған және ғылыми фактілерге қайшы келеді.