Фейк: «Таңдау мүмкіндігі берілгендей көрінетін барлық вакциналарды бір компания әзірлейді»
Қазнет қолданушылары COVID-19 қарсы барлық вакциналарды бір компания әзірледі, ал олардың айырмашылықтары ойдан шығарылған, бұл адамдарға таңдауға мүмкіндік берілгендей көрінуі үшін жасалған деген пікірді талқылауда. Шын мәнінде, бұл олай емес.
COVID-19 пандемиясы басталғалы әлемнің көптеген елдерінде вакциналар әзірлеу басталды. Кейбір мемлекеттерде ғалымдар әртүрлі платформаларға негізделген бірден бірнеше дәрі-дәрмек жасауды бастады. Бұл ең тиімді және қауіпсіз вакцина алу үшін қажет болды.
Бүгінгі таңда 82 вакцина клиникалық сынақ сатысында, тағы 182-і клиникаға дейінгі тексеруден өтуде. Бұл препараттардың жалпы санының 33%-ы суббірлікті ақуыз вакциналары, 15%-ы вирустық вектор негізінде, 13% ДНҚ платформасында және осы мөлшерде белсенді емес вирус қолданылады. Препараттардың 12% – ы РНҚ платформасында инновациялық технология бойынша әзірленген.
Барлық вакциналардың толық тізімі ДДСҰ сайтында ұсынылған. Кестеде препарат әзірлеушілер де көрсетілген.
Қазақстандықтар талқылаған жарияланымда Pfizer/BioNTech және Astra-Zeneca өндірген нақты вакциналар аталған. Бұл әртүрлі елдерде орналасқан және әртүрлі көздерден қаржыландырылатын әртүрлі компания.
Олар әзірлеген вакциналардың құрамы, сақтау және қолдану ережелері әртүрлі. Сондай-ақ, препараттардың тиімділігі, клиникалық зерттеулердің нәтижелері де өзгеше.
Сондай-ақ, бүгінгі күні COVID-19 қарсы вакциналардың бірнеше түрі барлық елдерде бірдей қолжетімді деп айта алмаймыз. Мысалы, Қазақстанда әзірге тек «Спутник-V» препараты ғана қолданылуда. Оның қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерімен расталады.
Қорыта айтқанда, барлық вакциналарды бір компания әзірлейді деген теория фактілерге қайшы және бұған ешқандай негіз жоқ.