Fake News

Фейк: «Бюджеттік әуе желілерінің жолаушылары жол бойы тұрып барады»

Желіде жақын арада бюджеттік әуе компанияларының жолаушылары сапар барысында тұтқалардан ұстап, жол бойы тұрып баратыны туралы хабарламалар талқылануда. Әуе компаниялары жолаушылар санын арттыру үшін ұшақ салондарынан орындарды алып тастамақ екен. Бұл олай емес.

Бұл фейк италиялық Aviointeriors компаниясының әзірлемесі жайлы жаңалықтар негізінде пайда болған. 2010 жылы олар арқасы бар биік табурет сияқты «тік орындықтар» деп аталатын жаңа модельді ұсынған. Бірақ АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасы бұл ұсынысты қабылдамады.
Кейіннен, 2018 жылы компания Skyrider 2.0 орындықтарын ұсынды, олар тік, бірақ төсеніштері жұмсақ және ыңғайлы болды. Әзірлеушілердің есептеуінше, бұл салонға жолаушыларды 20%-ға артық орналастыруға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жолы да идея қауіпсіздік тұрғысынан сынға алынды.


Дегенмен, кейбір әуе компаниялары тік орындықтарды пайдалана отырып, ұшақ салондарын қайта жабдықтауға дайын екендіктерін жеткізді, бірақ олардың ешқайсысы әлі рұқсат алған жоқ.
Демек, тұтқалардан ұстап ұшу туралы әңгіме мүлдем болған емес. Ұшақтарға арналған тік креслолар әзірленсе де, оны әлемнің бірде-бір әуе компаниясы пайдаланбайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button