Алаяқтар қазақстандықтарды криптовалюта сатып алуды ұсынып, алдауда
Қазақстандықтарға криптовалюта сатып алу арқылы табыс табу ұсынылуда. Мәміле жасалатын сайт фишингтік болып табылады.
Виртуалды валютаны «Биткоин Профит» фирмасы сатуда. Бұл туралы ресейлік БАҚ компания клиенттерінен шағымдар көптеп түсе бастағанда жазған болатын. Нарықтың ресейлік сегменті үшін биткоин сатушылар Павел Дуровтың фотосуретін және авторы ВКонтакте мен Telegram әзірлеушісі болып табылатын твитке жасалған сілтемені пайдаланған. Хабарламада Павел Дуров «Биткоин Профит» компаниясын мақтайды және оған клиент болуға шақырады. Алайда Дуровтың Twitter-дегі ресми аккаунтында мұндай твит жоқ.
Қазақстандықтарды еліктіретін сайтта Павел Дуров туралы айтылмайды. Оның орнына пайдаланушыларға биткоин бағасының өсуі және оның құрылу тарихы туралы баяндайтын жаңалықтар телебағдарламаларынан бейнекескін көрсетіледі.
Сайтпен байланыс қорғалмағанына назар аударғаныңыз жөн. Яғни, пайдаланушылар тіркеу жолына енгізетін деректерге үшінші тараптар қолжеткізуі мүмкін. Сайтта тіркелу жолдарына аты-жөнін, электрондық пошта мекен жайын және телефон нөмірін енгізу ұсынылады. Содан кейін депозит сомасын салу керек. Бұл ретте ақша салуға мүмкіндік бретін төлем жүйелерінің логотиптері белсенді емес сілтемелер болып табылады және жүйелердің сайттарына апармайды. Бұл фишингтің белгілерінің бірі.
Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның көмегімен зиянкестер пайдаланушылар, төлем түрлері және деректердің басқа түрлері туралы дербес ақпаратқа қолжеткізе алады. Фишингтік сайттарды қалай тануға болатындығы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті