Fake News

Полиция Теміртауда такси жүргізушісін өлтіріп кеткендігі туралы қауесетті жоққа шығарды

Теміртау тұрғындары бір-біріне inDriver мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс істеген такси жүргізушісін қалада өлтіріп кеткендігі туралы дыбыстық хабарламаны жіберуде. Қарағанды облысының полиция департаменті бұл қауесетті жоққа шығарды.

– Теміртауда индрайвер бойынша жұмыс істеген такси жүргізушісін өлтіріп кеткендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қарағанды облысының полиция департаменті Теміртау тұрғындарын тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады, – делінген Қарағанды облысы ПД ресми хабарламасында.

Мұндай қауесетің тарауына қалада орын алған тағы бір қылмыс себеп болған шығар. 20 қарашада Теміртау қаласында Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Полиция ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестіруде.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button