Улы зат сіңген медициналық маскалар – фейк
Желіде «өте улы зат» титан диоксиді сіңген медициналық маскалар туралы видео тарады, маскада дем алған кезде тіс эмалі бұзылады және онкологиялық аурулар дамиды. Бұл шындыққа жанаспайды.
Біріншіден, кадрларда видео авторы нақты бір өндірушінің – InvisiSmart маскасын көрсетеді. Қаптамада маска титан диоксиді негізінде арнайы қорғаныс қабатымен жабылғандығы айтылған. Компанияның ресми сайтында мұндай қорғаныс жүйесі вирустарды, саңырауқұлақтар мен бактерияларды жоюға мүмкіндік береді делінген. Сондай-ақ, өндірушінің мәлімдемесіне сәйкес, бұл технология қазіргі уақытта нарықта қолжетімді басқа маскаларда қолданылмайды.
Екіншіден, титан диоксиді – TiO2, төмен уытты және тамақ өнімдерін, сәндік косметика, тіс пастасы сияқты, жеке күтім өнімдерін және кейбір дәрі-дәрмектер өндірісінде кеңінен қолданылады. Оның негізінде E171 тағамдық қоспасы жасалады, оны кез келген ақ өнімнен табуға болады, өйткені ол тағамға ақ түсті реңк береді.
– Жыл сайын 9 млн тоннадан астам TiO2 өндіріледі, ал әлемдік сауда көлемі жылына 13 млрд долларға (9,8 млрд фунт стерлинг) бағаланады. Бүкіл әлемде өндірілген пигменттердің үштен екісінде TiO2 бар деп саналады, оны жолдардағы ақ белгілерден де, Oreo печеньесінен де табуға болады, деп хабарлайды The Guardian.
Қазақстанда, Ресейде, АҚШ-та, Еуропа елдерінде және басқа да бірқатар мемлекеттерде Е171 қосуға рұқсат етілген.
Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің есебіне сәйкес, TiO2 және оның негізінде жасалған E171 тағамдық қоспасы адамдар үшін қауіпсіз.
2010 жылдардың соңында титан диоксидінің тышқандарға әсері туралы зерттеу жарияланды, нәтижесінде кеміргіштердің 60% қатерлі ісік ауруы туындаған. Әлемдік ғылыми қоғамдастық қорытындыларды сенімді емес деп тапты, өйткені химиялық заттар тышқандарға көктамырға енгізілген және тұрақты түрде ауыз суға қосып берілген. Жарияланымнан кейін Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі мақалалардың авторларына бірқатар сұрақтар жолдап, осы жарияланымдардың негізінде тәуекелдерді қайта бағалауға ешқандай себеп таппады.
Бірақ осы зерттеудің негізінде РЕН ТВ телеарнасы тіс пастасының құрамында болатын титан диоксиді тіс эмалін зақымдауы және қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екендігі туралы толық бір сюжет дайындаған. Осы сюжеттің кадрлары «уланған маскалар» туралы видеоны монтаждап жасау үшін видео материал ретінде қолданылған.
Демек, уланған жеке қорғаныс құралдары туралы хабарламалар – фейк. Біріншіден, титан диоксиді зиянды емес, ал екіншіден, оған негізделген қорғаныс қабаты тек бір нақты өндірушінің ғана маскаларында болады. Улы зат сіңген медициналық маскалар – фейк