Fake News

ҚР ҰҚК фейк ақпараттың таралып жатқаны туралы ескертті

Әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті патриотқа қарсы риториканы тарататын азаматтар туралы деректер жинауға арналған Telegram-ботын құрғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл фейк.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде патриоттыққа қарсы риториканы тарататын, «Бессмертный полк» акциясына бойкот жариялауға шақыратын немесе қоғамды жікке бөлуге бағытталған өзге де әрекеттерді жасайтын тұлғалар туралы ақпарат жинау үшін Telegram боты құрылғаны туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесі» деген ақпарат тарап жатыр.

Аталған «мәлімдеме» — жалған, ондағы мәліметтер шындыққа жанаспайды.

Тек ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», – деп ескертті ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК-нің ресми ақпараттары тек knb.gov.kz сайты, knbgov_kz, Telegram-арнасы және knbgovkz Instagram-парақшасы арқылы жарияланады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button