Fake News

Фейк: «Сирек кездесетін ирландиялық алып иттің суреті табылды»

Жақында әлемдегі қызықты оқиғалар туралы жазатын танымал Instagram аккаунты сирек кездесетін олжа алып иттің суретін жариялады. ТОның астында бұл 1901 жылы көктемінің басында түсірілген ирландиялық сұр иттердің соңғы фотосуреті деп жазылған. Бұл сурет Артур Конан Дойлды «Баскервиль иті» атты аңызға айналған хикаясын жазуға шабыттандырған екен. Бұл фото жалған.

Ирландиялық бөрібасар әлемдегі ең үлкен иттердің бірі. Артқы аяғына тұрғанда олардың бойы екі метрден асады. Мұндай иттер туралы алғаш рет 391 жылы Рим консулының құжаттарында жазылған. жатады.

Ертегіге сенгіміз келсе де, суреттегі бөрібасар – бұл қиялдың жемісі. Фотосурет 2023 жылдың қыркүйегінде әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Snopes порталының фактчекерлері суреттің қайдан шыққанын тексерді. Ол үшін Google-дің кері іздеу қызметі қолданылды. Фотосурет 2023 жылдың қыркүйегінде 9gag.com сайтында жарияланғаны анықталды. Постқа пікір жазған пайдаланушылардың бірі суреттің авторы екенін айтып, оны Midjourney нейрожелісінің көмегімен жасағанын айтқан. Бұл бағдарлама ұсынылған мәтін бойынша суреттер жасайды.

Алғашқы жарияланым 2023 жылдың тамызында Facebook-те Cursed AI тобында шыққан. Бұл топтың атауы мен сипаттамасында орналастырылған контент жасанды интеллект арқылы жасалатыны көрсетілген.

Суреттің AI көмегімен жасалғанын AI контенттің онлайн детекторлары AI or Not және Illuminarty растады.

Демек, ХХ ғасырдың басындағы алып ирландиялық бөрібасардың суреті жалған. Бұл Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған сурет, ол алғаш рет AI қауымдастығында жарияланған.

Демек, ХХ ғасырдың басындағы алып ирландиялық бөрібасардың суреті жалған. Бұл Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған сурет, ол алғаш рет AI қауымдастығында жарияланған.

Жасанды интеллект қарқынды дамыған заманда сыни ойлаған жөн. Көзге көрінгеннің бәрі бірдей шын бола бермейді. Дереккөздерді тексеріп, фактчекинг құралдарын қолданыңыз және интернеттегі әсерлі оқиғалар да жалған болуы мүмкін екенін естен шығармаңыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button