Fake News

ONAY! жарты жылдық тегін көлік карталары туралы ақпаратты жоққа шығарды

Instagram әлеуметтік желісінде Қазақстан бойынша 6 айға тегін жол жүруге мүмкіндік беретін ONAY! картасына тапсырыс беруге үндейтін жарнама тарады. Компания өзінің мерейтойына орай осындай акция өткізіп жатыр екен. Алты ай бойы шексіз жол жүргіңіз келсе, 1230 теңге төлеу керек. Бұл алаяқтардың ісі.

«Алматы қаласы көлік холдингінің» PR-қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«ONAY! ешқандай акциялар өткізген жоқ және өткізбейді. Сондай-ақ жеңілдіктері бар «Бірыңғай көлік карталарын», қоғамдық көлікте жол жүру абонементтерін, бірнеше айға жарамды жол жүру карталарын таратпайды. Біз ешқашан басқа сайттарда жеке немесе банк картасының деректерін енгізуді сұрамаймыз.

Жолаушыларға ONAY! мобильді қосымшасы арқылы, Instagram-да @onay.kz парақшасы және onay.kz ресми сайты арқылы ескерту жасап, оларды сақ болуға, әлеуметтік желілердегі сілтемелер бойынша өтпеуге, жеке және төлем деректерін енгізбеуге шақырамыз.

Барлық қызметтер белгіленген тарифтерге сәйкес ұсынылады. Жоғарыда аталған ресурстардан және +7 727 397 01 91 нөмірі бойынша Call-орталықтан сенімді ақпарат алуға болады», – делінген компанияның ресми хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button