Fake News

Фейк: «Химтрейлдер топырақ құрамындағы алюминийдің арутына әкелді»

Әлеуметтік желілерде соңғы 10 жылда топырақ құрамындағы алюминий мөлшері көбейгені туралы жаңалық талқылануда. Калифорниядағы Шаста тауындағы қардан аталған металдың қауіпті деңгейі анықталған. Мұның бәрі химтрейлдердің әсерінен екен. Әрине, бұл өтірік.

Химтрейл теориясына ешқандай дәлел жоқ, ал оны растау үшін ұсынылған мәлімдемелердің бәрі жалған және негізсіз. Біздің сайт бірнеше жыл бойы химтрейлдер туралы қастандық теорияларын жоққа шығарып келеді.

Топырақтың құрамында неге алюминий болатынын түсіндірейік. Біріншіден, алюминий – жер ядросындағы ең көп таралған металл, сондай-ақ ең көп таралған үшінші элемент. Ол жер қыртысы массасының шамамен 8% құрайды. Бұл металл тірі организмдерде микроэлементтер ретінде кездеседі, табиғатта тау жыныстары мен минералдардың құрамында болады. Жер бетін құрайтын тастар негізінен алюминий силикаттары мен силикаттардан тұрады.

Қоршаған ортадағы алюминий мөлшері орынға, индустрияландыру деңгейіне, ластануға және сынама алу нүктелеріне байланысты болады. Топырақ пен тау жыныстарында оның құрамы әртүрлі аймақтарда 7-ден 100 г/кг-ға дейін.

Топырақтың алюминиймен ластануының бірнеше көзі бар. Негізгілерінің бірі – қышқылдық тұнба. Ол қышқыл жауын-шашын мен қышқыл атмосфералық ластаушы заттардан тұрады. Ластанудың тағы бір көзі – өндірістік қызмет. Тау-кен және балқыту жұмыстары кезінде алюминий қоршаған ортаға шығарылады. Сонымен қатар, алюминий қосылған пестицидтер мен тыңайтқыштардан топыраққа түседі.

Біздің өмірімізде алюминий айналамызда көп. Ол металлургияда қорытпаларды жасау, сондай-ақ басқа металдарды легирлеу үшін қолданылады. Бұл қорытпалар күнделікті тұрмыста, құрылыста, кеме, автомобиль жасауда, сондай-ақ авиация мен ғарышкерлікте қолданылады. Жарылғыш заттарды өндіру мен суды тазартуда да пайдаланылады. Электротехникада маңызды.

Шаста тауында геоинженерияға байланысты алюминийдің улы мөлшері табылғаны туралы жалған ақпарат 2023 жылы тараған. Америкалық фактчекер USA Today өз тергеуін жүргізді. 2014 және 2023 жылдары жасалған Шаста тауы аймағындағы су сынақтары алюминий деңгейі қауіпсіз екенін және қоршаған ортаны қорғау агенттігі мен Калифорния штатының стандарттарына сәйкес келетінін көрсетті. Геологтардың пікірінше, алюминий жер қыртысында кең таралған және бұл аймақта топырақ басқа жерлерге қарағанда көбірек болады.

Химтрейлдер топырақ құрамында алюминийдің артуына себеп болды деген фейк негізсіз. Химтрейлдер теориясы дәлелдермен расталмаған және конспирололгиялық теория болып қалады. Алюминий – жер қыртысында, тау жыныстарында және топырақта көп кездесетін табиғи элемент. Оның әртүрлі аймақтардағы болуы табиғи факторларға және қышқыл жаңбыр немесе өнеркәсіптік ластану сияқты адамның әрекеттеріне байланысты.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button