Fake News

Фейк: «АҚШ пен Еуропадағы тұман химиялық шығарындылардан пайда болды»

2024 жылғы желтоқсан айының соңында АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Нидерланд елдерінде тұман болды. Әлеуметтік желілерде табиғи құбылыстың видеолары таралды, кейбір қолданушылардың пікірінше, тұман химиялық шығарындылар салдарынан болған. Олардың айтуынша, тұманның өткір иісінен бас ауырып, жөтел болады, тамақ құрғайды. Бұл құбылыстың туындауына не себеп болды, анықтайық.

АҚШ пен Ұлыбританияда қалың тұман салдарынан рейстер кешігіп, теміржолда проблемалар туындады, автомобиль жолдарында қауіпті жағдайлар орын алды. Конспирологтар COVID-19 сияқты бұл табиғи құбылысты «Fogvid-24» деп атап, оған химтрейлдер себеп болды дейді.

Алдымен, жылдың осы мезгілінде АҚШ, Ұлыбритания және Еуропада тұман жиі болатынын атап өткен жөн.

Бұл табиғи құбылыс қалай қалыптасады? Тұман табиғаты жағынан аспандағы бұлттар секілді. Бұлт жерге немесе су қоймасына түскенде, тұманға айналады. Бұл құбылыс әдетте түнде немесе таңертең ерте болады. Тұман суық ауа Жердің немесе судың жылы бетімен соқтығысқанда қалыптасады, бұл су буының ұсақ тамшылар түрінде конденсациялануына әкеледі. Сонымен қатар, тұман көбінесе бұлттарға қарағанда тығыздау болып көрінеді, өйткені оның тамшылары әлдеқайда кішкентай.

Айта кетерлік жайт, ауылдық жерлерге қарағанда қалада тұман қалың болады. Мұның бәрі ауаның ластануына байланысты. Қалада ауада шаң мен күйе көп. Олар су бөлшектерімен байланысып, тығыз жабын қалыпатстырады.

Сондықтан адамдар айтып отырған «химиялық» иіс – бұл автомобильдерден шығатын газдар, өнеркәсіптік шығарындылар және ауадағы басқа химиялық заттар.

Вашингтон университетінің атмосфералық маманы Рудольф Хузар NASA Earth Observatory мақаласында былай деп түсіндіреді: «Тұман пайда болған кезде күкірт оксидтері, азот оксидтері және басқа ластаушы газдар тұман суының тамшыларыме сіңеді немесе «шайылып» кетеді».

Ылғалдылық жоғары болған жағдайда иіс айқын сезіледі. Тұман түзетін су тамшылары иіс тудыратын молекулаларды ұстап, олардың ауадағы концентрациясын арттырады.

Демек, адамдар айтып отырған «химиялық» иіс химиялық шығарындыларға емес, ауаның ластануына байланысты. Атмосферадағы күкірт пен азот оксидтері сияқты ластаушы заттардың молекулалары тұман пайда болған кезде су тамшыларымен ұсталған. Тыныс алу жолдары ауруларына ұқсас белгілерді де қаладағы ластанған жерлердегі тұманның әсерімен түсіндіруге болады. Бұл тұман химтрейлдер салдарынан болды деген миф – фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button