Fake News

Фейк: «ДДҰ маймыл шешегі COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсері екенін мойындады»

Қазнетте маймыл шешек вирусына байланысты фейк таралуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Mpox COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсері деп атаған екен. Бұл жалған.

Бұл фейк Интернетте бірнеше жылдан бері жүр. Оның авторы – америкалық блогер Алекс Джонс. Ол даулы және бұрыс мәлімдемелерімен танымал, сондай-ақ вакцинацияға қарсы.

Джонстың маймыл шешегінің пайда болу себептеріне қатысты айтқан дәлелдерін India Today және Forbes сияқты беделді басылымдар жоққа шығарды.

Маймыл шешегі қандай да бір препараттың жанама әсері бола алмайды. Бұл ауру маймыл шешек вирусынан туындайды және ортопоксвирустарға жатады. Ол науқас адаммен немесе жануармен тікелей байланыста болғанда жұғады.

Сонымен қатар, Mpox COVID-19 пандемиясына дейін тіркелді. 1958 жылы ол Данияда зерттеу үшін ұстаған маймылдардан анықталған. Адамның маймыл шешек вирусын жұқтыруының алғашқы жағдайы 1970 жылы Конгода тіркелді. Ол кезде 9 айлық бала ауырған. Содан бері ауру жұқтыру жағдайлары Шығыс, Орталық және Батыс Африка елдерінде жиі тіркеле бастады. Эндемиялық емес елдерде маймыл шешегінің өршуі 2003 жылдан бері орын алуда.

Биыл 14 тамызда ДДҰ маймыл шешегінің таралуын халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады. Қазақстан билігі жағдайды бақылауға алды, елімізде Mpox жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсері деп айтқан жоқ. Бұл вирус адамдарда коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар жасалғанға дейін 1970 жылдан бері тіркелуде. Демек, таралған ақпарат – фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button