Фейк: «ДДҰ мРНҚ вакциналарын тексеруді тоқтатады, енді олар қауіпті болады»
Instagram мессенджерінде микробиолог Сучарит Бхакдидің ДДҰ мРНҚ вакциналарының сапасын бақылауды тоқтататыны туралы мәлімдемесі таралуда. Неміс ғалымының пікірінше, мұның салдарынан, вакциналар ластанады. Бхакди жаппай өндірілетін мРНҚ-ны плазмидтік ДНҚ-дан бөлетін процедура әлі де жоқ деп санайды. Бұл жалған.
Сучарит Бхакди COVID-19 пандемиясы туралы фейк ақпаратты 2020 жылы өзінің YouTube арнасында тарата бастады. Ол коронавирустық инфекция ойдан шығарылған, ал әлемдік үкіметтер халықты жою үшін вакцинацияны қолданады деп мәлімдеді. Бхакдидің жалған идеяларын фактчекерлер мен ғылыми қауымдастық бірнеше рет жоққа шығарды.
Микробиолог вакцинацияның қауіптілігін дәлелдеу үшін фактілермен манипуляция жасайтыны айтылды.
Бхакди бұған дейін Майнц университетіндегі медициналық Микробиология және гигиена институтын басқарған. 2020 жылы университет оқытушысының коронавирустық инфекция пандемиясына деген көзқарасын жақтамайтыны туралы ресми мәлімдеме жасады. Сол жылы Бхакди COVID-19 туралы жалған ақпарат таратқаны үшін «Алтын ақымақ» сыйлығының иегері атанды. Сыйлықты жалған ғылымдарды ғылыми зерттеу қоғамы ұсынады.
2024 жылдың ақпанында COVID-19 қарсы мРНҚ вакциналарындағы ДНҚ-ның қалдық фрагменттері денсаулыққа қауіп төндіретіні туралы ескі фейк тарады. Тәуелсіз ғалымдар Reuters-тің фактчекерлік сайтында бұл пікірді жоққа шығарды. Сонымен қатар, рұқсат етілген мНРК вакциналарының қауіпсіздігі мамандандырылған ғылыми порталдарда жарияланған көптеген мақалалармен расталады.
ДДҰ сайтында вакциналарды өндіру және олардың сапасын бақылау бойынша ұсыныстар әлі де бар. Барлық вакциналар ДДҰ мақұлдауын алғанға дейін қауіпсіздік пен тиімділікті дәлелдеу үшін қатаң тесттен және клиникалық сынақтардан өтеді.
Бұл ретте ешқандай вакцинация ауру жұқтырудан қорғамайтынын түсіну керек. Бірақ ол сырқаттың ауыр асқынуларсыз өтуіне мүмкіндік береді, кейде өмірді сақтап қалады.
Сучарит Бхакдидің вакциналардың ластануы және ДДҰ-ның вакциналарды бақылауды тоқтататыны туралы мәлімдемесі фейк.