Fake News
Алаяқтар Батыс Қазақстан облысы әкімінің атынан хабарлама жіберуде
WhatsApp қосымшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан жалған хабарлама тарады. Киберқылмыскерлер аймақ басшысына тиесілі емес нөмірді көрсетуде.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан хабарлама таратуда. Бұл фейк хабарламалар. Көрсетілген нөмір облыс әкімінің нөмірі емес.
Тараған хабарламаларға сенбеңіздер және күдікті сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз», – деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.