COVID-19 қарсы вакцинада Эбола вирусының құрамдас бөліктері жоқ
Instagram-да COVID-19 қарсы вакцина Эбола вирусының тізбегі арқылы жасалғаны туралы ақпарат тарады. 5G әсерінен вирус организмде белсендірілуі мүмкін екен. Бұл фейк.
Хабарламаға иллюстрация ретінде видео тіркелген. Оны 2022 жылдың шілдесінде Американың USA Today жалпыұлттық газеті жасап, таратқан. Бірақ онда коронавирустық инфекция мен Эбола вирусы емес, Марбург вирусы туралы айтылады. Бұл Эболамен бір топқа жататын ауру. Аталған вирустардың екеуі де өлімге әкеледі және сирек кездеседі, сондай-ақ Filoviridae тобына жатады, бірақ қоздырғыштары әртүрлі. Марбург вирусы алғаш рет 1967 жылы анықталған. Ол кезде Марбург пен Франкфуртта (Германия) және Белградта (Сербия) қос ошақтар орын алды.
USA Today Марбург вирусының Ганада таралуы туралы жазды, екі адам қайтыс болған. ДДҰ мәліметтері бойынша, вирус адамда ауыр геморрагиялық қызба тудырады. Өлім-жітімнің орташа деңгейі шамамен 50% құрайды. Бүгінгі күні Марбург вирусына қарсы бірыңғай мақұлданған вакцина жоқ, дегенмен бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың қаңтарында The Lancet басылымында cAd3-Марбург эксперименттік вакцинаның адамдарда жүргізілген алғашқы сынағының нәтижелерін жариялады.
Эбола геморрагиялық қызбасы 1976 жылы Конго қаласында тіркелді. Сол кезден бастап вирус ондаған мың адамның өмірін қиған. 1990 жылдары ауру ошақтары көбейді, олардың барлығы Африкада анықталған. Эбола вирусына қарсы алғашқы вакцинаны ЕО мен АҚШ-тың бақылаушы органдары 2019 жылы мақұлдады. Препарат Merck & Co компаниясымен тіркелген.
Эбола және SARS-CoV-2 – әртүрлі вирустар. Коронавирус ауа-тамшы жолдары арқылы таралады. Эбола вирусы жұқтырған адамның қанымен және басқа сұйықтықтарымен тікелей байланыста болады. Екі вирусқа да қолданылатын алдын алу шараларының ішінде дәрігерлер қолды жиі жуу және ауру жұқтырған адамдарды оқшаулауды атап өтеді.
Ғалымдар пандемия басталғаннан бері бір жылдан аз уақыт ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы қауіпсіз вакциналар жасай алды. Вакциналардың тез әзірленуіне ғалымдардың басқа вирустармен күресте қолданылған белгілі технологияларды пайдалануы да ықпал етті.
COVID-19 қарсы вакциналардың ингредиенттері, сондай-ақ Biontech, Moderna, Janssen, Astra-Zeneca, Sputnik v, Hayat-Vax (Sinopharm), QazVac сияқты ықтимал жағымсыз реакциялар туралы мәліметтер және басқа да пайдалы ақпарат баршаға қол жетімді.
Эбола вирусының кейбір компоненттері COVID-19 қарсы вакцинаға қосылғаны туралы ақпарат ғылыми басылымдарда жоқ. Беделді дереккөздермен расталмаған Желідегі хабарламаларға сенбеген жөн.