Fake News

Солтүстік Қазақстан облысында қасқырлар саны артты – фейк

Whatsapp қолданушыларының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қасқыр көбейіп кеткен. Аудандардың бірінде жануар адамға шапқан екен. Бұл жалған.

 

Сөзін растау үшін хабарлама авторы өлі жануарлардың суретін көрсетеді. Бұл сурет биыл қаңтарда бірнеше фейк ақпаратта қолданылған. Мысалы, Мордовияда балаларға қасқыр шапқаны туралы фейкте және Қорған облысында өлтірілген жыртқыштар туралы жалған ақпаратта.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қасқырдың адамдарға шапқаны туралы ақпарат жалған.

«СҚО ПД кезекші бөлімінің «102» арнасына қасқырдың адамдарға шапқаны туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарламасында.

СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Олег Беспалов та өңірде қасқырдың таралуына қатысты пікірін білдірді.

«Инспекциядағы жабайы жануарларды есепке алу туралы ақпаратқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қасқыр тұрақты мекендемейді. Бұл облыс аумағын егістік алқаптары үшін қарқынды пайдаланумен байланысты деп ойлаймыз, себебі бұл қасқырдың қорегіне әсер етті.

Облыс аумағы орманды-дала болып табылады, орманды алқап шамамен 5% құрайды, бұл қасқырдың тіршілік ету ортасына лайық емес.

Дегенмен, өңірге көршілес жатқан Ақмола және Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясынан қасқырдың келуінің бірнеше жағдайы болды. Алайда, қорек болмай, алқаптар жақсы қорғалатындықтан олар облыс аумағында қалмайды».

Демек, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қасқырлар таралуда деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қасқырлар адамдарға шапты деген ақпарат та жалған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button