Талдау

Кіріс декларациясы: сұрақтар мен жауаптар

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде 2024 жылы енгізілетін жаңалықтарды қызу талқылауда. Биыл кірістерді жалпыға бірдей декларациялаудың келесі, үшінші кезеңі басталады. Енді кәсіпкерлер, құрылтайшылар мен заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары ғана емес, сонымен қатар олардың жұбайлары да декларация тапсырады. Бұл мәселеге қатысты көп сұрақ туындағаны анық. Сондықтан біз ең қарапайым сұрақтарға жуаптарды ұсынғанды жөн көрдік.

«Декларацияда ең аз табыс көрсетілсе не болады»

Әрине, аз жалақы алатыныңызды және мүліктен тек гараж ғана бар деп көрсетуіңізге болады. Бірақ жаңа көлік сатып алатын болсаңыз, онда салық төлеушілерге ақшаны қайдан алғаныңызды түсіндіру керек болады. Егер салықтан жалтарғаныңыз анықталса, айыппұл төлеуге тура келеді.

«Егер төлемді қолма-қол ақшамен қабылдаса?»

Қазақстанда бизнесмендерді тексеруге мораторий аяқталды. Биылдан бастап салық органдары кез келген уақытта ресми түрде тексере алады. Бұған кірістерді жасыруға күдік себеп болуы мүмкін, мысалы, салық төлемеу, қолма-қол ақша қабылдау, фискалдық чек бермеу. Өйткені, ерте ме, кеш пе, сіз алған ақшаңызды, соның ішінде қолма-қол ақшаны міндетті түрде жұмсайсыз. Бұл ретте сіз ресми табысыңызды декларацияда көрсетіп қойдыңыз. Егер тапқаннан артық ақша жұмсасаңыз, онда салық қызметкерлері назарын сізге аударады.
Сонымен қатар клиенттермен проблемалар туындайды. Қазақстандықтар тауарлар мен қызметтер үшін QR-код және банк карталары арқылы төлеуге үйреніп қалды. Егер сатушы қолма-қол ақшамен төлеуді өтінсе, сатып алушы карталар қабылдайтын басқа жерге кетіп қалуы ықтимал.

«Кірістерді туыстар арқылы «жылыстатса» ше?»

Мұны жүзеге асыру мүмкін емес. Алдағы уақытта бұл бәрібір проблемаға айналады. Жалпыға бірдей декларациялау Қазақстанның барлық тұрғындарына қатысты болады. Көп ұзамай кәсіпкерлердің туыстары да декларация толтырады. Сонда оларға жанама кірістерді түсіндіруге тура келеді.

«Егер жасырын табыс анықталса?»

Декларацияда бір кірісті көрсеттіңіз, ал іс жүзінде ол әлдеқайда жоғары болып шықты делік. Егер жеке тұлға ретінде қосымша ақшаның қайдан алынғанын салық органдарына түсіндіре алмасаңыз, онда 10% жеке табыс салығын төлеуге тура келеді. Бұл ретте жеңілдетілген схема бойынша ашылған ЖК 3% ЖТС төлейді. Сонымен қатар, кірісті жасырғаныңыз үшін айыппұл төлейсіз. Ол төленетін, бірақ жасырылған салық сомасының 200% құрайды. Бұзушылық қайталанған жағдайда, 300% төлеуге тура келеді. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 275-бабының 1 және 2-тармақтарында осылай жазылған.
Қазақстанда кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін мобильді қосымшалар әзірленді. Олардың пайдалы функциялары көп. Бұл POS-терминал алу, онлайн-кассаға қосылу (айта кетейік, екі қызмет те тегін) және QR арқылы төлем қабылдау. Фискалдық чек автоматты түрде шығады. Сондай-ақ, қосымшалардың көмегімен бизнесті дамытуға несие алуға болады, оның мөлшерлемесі төмен.

Салықты үнемдеу қазақстандық кәсіпкерлерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Тыныш жұмыс істей алмай, тексерулерге тап болып, айыппұлдар төлеуге тура келеді. Сонымен қатар, клиенттер мен серіктестер заңды бизнеске көп сенім артады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button