Фейк: «Мегаполис тұрғындарына көлік жүргізуге және көп жаңа киім сатып алуға тыйым салынады»
Instagram-да қазақстандықтар 2030 жылға қарай әлемнің жүз мегаполисінде адамдарға жеке автокөліктермен жүруге, айына үш заттан артық киім сатып алуға, ет пен сүт өнімдерін жеуге тыйым салынатыны туралы ақпаратты таратуда. Мұның бәрі фейк.
Бұл хабарлама 2023 жылдың тамызында шыққан фейкке негізделген. Бастапқыда онда жүз емес, 14 қаланың тұрғындарына ет, сүт, жеке көлік және жаңа киімге тыйым салуға тыйымс алынатыны туралы айтылды.
Алайда, қалалар саны қанша болғанымен, бұл ақпарат шындыққа айналмайды. Оған 14 қала климаттың өзгеруіне әсерін азайту мақсатында тұрақты азық-түлік саясатын жүргізуге міндеттенеді деген бұрмаланған хабарлама негіз болғаны анық. Яғни, аталған қалаларда әкімдер өз қалаларында пайдалы және көміртегі ізі аз тағамдарды барлығына қол жетімді ету бағытында жұмыс істейді. Бұл ретте ет пен сүт өнімдерінен бас тарту туралы айтылған жоқ. Керісінше, мамандардың есептеуінше, «тұрақты диета» көкөністер мен жемістердің жартысын, дәнді дақылдарды, өсімдік ақуызын, қанықпаған өсімдік майларын және адамның қалауы бойынша жануар ақуызын қамтуы керек.
Бірде-бір ресми ақпарат көзі жеке көліктен бас тарту және киім сатып алуға шектеулер қою туралы мәлімдеген жоқ.
Демек, 2030 жылы мегаполистердің тұрғындары ет жеймейді және жаңа киіммен жеке көлікпен жүрмейді деген ақпаратты Желі қолданушылары ойлап тапқан.