Fake News

Фейк: «Coca-Cola мен Pepsi сусындарын жәндіктерді жою үшін пестицидтердің орнына қолдануға болады»

Қазақстандық әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үнді фермерлері Coca-Cola және Pepsi сусындарын дақылдарға шашып жатқан роликті таратуда. Жәндіктерді жоятын пестицидтерді осы сусындармен алмастыруға болады екен. Coca-Cola мен Pepsi егістік зиянкестерімен күресу құралдарын шынымен алмастыра ала ма? Анықтайық.


Үндістердің көбі ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазіргі заманғы химиялық заттарсыз мол өнім алу мүмкін емес. Дақылдарда жәндіктер ғана емес, микробтар, кеміргіштер, арамшөптер де қаптайды. 2004 жылы Делиде Ғылым және қоршаған орта орталығының (CSE) экологиялық тобы зерттеу жүргізді. Олардың қорытындылары бойынша Үндістан үшін өндірілген Coca-Cola және Pepsi алкогольсіз сусындарында пестицидтер, атап айтқанда, линдан және ДДТ болған, өйткені сусындарды шығарғанда лас жер асты сулары пайдаланылған.
Өз кезегінде америкалық компанияның өкілдері бұл мәлімдемені жоққа шығарды. Олар су мен дайын өнімді тексергендерін айтты. Бәрі «халықаралық деңгейде танылған қауіпсіздік нормалары» шегінде.
Үнді фермерлерінің сусындарды пестицид ретінде пайдаланғаны туралы хабарламаларды Snopes.com және Logically.ai фактчекерлері тексерді. Олардың мәліметтері бойынша, 2004 жылы Guardian газеті Андхра-Прадеш пен Чаттисгарх штаттарының Coca-Cola қолданатын жүз фермері туралы материал шығарды. Осылайша олар егіндерін жәндіктерден құтқарған. Тағы бір аргументі – баға. Сусындар химиялық заттарға қарағанда арзан болған. Осындай бір жағдай туралы Атлантадағы Coca-Cola өкілі де хабарлады. Бірақ оның айтуынша, сусын жәндіктермен күресте тиімсіз құрал болып шықты. Фермерлердің Coca-Cola-ны қолдануына қатысты пікірін ауыл шаруашылығы маманы Девендра Шарма да айтып өтті. Дақылдарды суарған кезде қант шәрбатына құмырсқалар жиналады, ал олар өз кезегінде зиянды жәндіктердің дернәсілдерін жейді.

Осылайша, Coca-Cola және Pepsi сусындарының дақылдарды суару үшін жәндіктерге қарсы құрал ретінде тиімділігі дәлелденбеген. Сондықтан оларды пестицидтердің орнына қолдануға болмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button