Fake News
Желіде Премьер-Министрдің фейк сұхбаты тарады
Әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың суретімен алаяқтық жарнама таратылуда.
Бөгде сайтта жарияланған Үкімет басшысының сұхбатында алаяқтар оқырмандарды криптовалютаға қаражат салу үшін белгілі бір платформаны пайдалануға шақырады. Бұл фейк.
Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.
Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігінен заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.
Жақында әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.Жамаубаевқа қатысты оқырмандарға табыс табудың жеңіл жолдары ұсынылған осындай фейк тараған болатын.