Fake News

Фейк: «БҰҰ бүкіл әлемде әскери жағдай енгізе алады»

Әлеуметтік желі қолданушылары Біріккен Ұлттар Ұйымы кез келген елде әскери жағдай енгізу құқығына ие болу үшін оған «мәңгілік төтенше өкілеттіктер» беруді талап етуде деп жазуда. Бұл пандемия, табиғи, климаттық апаттар және т.б. жаһандық қауіптер жағдайында қажет екен. Мұның бәрі жалған.

Таралған хабарламада БҰҰ-ның төтенше өкілеттіктер беруді талап етуінің шарттары «Болашақ үшін келісім» деп аталады және 2024 жылы Болашақ саммитінде қабылданады делінген.

БҰҰ-ның ресми сайтында құжат пен осылай аталатын саммит туралы жазылған. 

Іс-шараға арналған парақшада 2024 жылы өтетін Саммитке дейін атқарылған және атқарылатын қадамдар егжей-тегжейлі көрсетілген.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, 2015 жылы 2023 жылға дейінгі күн тәртібі қабылданды. Оған 17 ұзақ мерзімді мақсат кіреді, оның ішінде әлеуметтік және гендерлік теңдік, таза су және тағы басқалар сияқты негізгі ресурстарға тең қол жетімділік те бар. Әскери жағдай туралы құжатта бірде-бір сөз жоқ.

Сондай-ақ сайтта саммитке дайындық аясында БҰҰ-ның 75 декларациясы қабылданғаны туралы жазылған. Онда халықаралық құқықты сақтау, қақтығыстардың алдын алу, әйелдердің құқықтарын кеңейту және нығайту, экология және климаттық дағдарыспен күресу туралы айтылады.

Саммит қарсаңында қабылданған тағы бір құжат «Біздің жалпы күн тәртібіміз» деп аталады. Бұл БҰҰ Бас хатшысының тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға арналған баяндамасы. Онда БҰҰ-ға төтенше өкілеттіктер беру және әлемде әскери жағдай енгізу туралы айтылмайды. 

«Болашақ үшін келісімнің» мәтіні әлі дайын емес. БҰҰ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, оны «мүше мемлекеттер ілгерілететін мәселелер бойынша үкіметаралық келіссөздер барысында» жасайды.

Яғни, қатысушы елдер өз еркімен БҰҰ-ға кез келген жерде әскери жағдайды енгізуге айырықша құқық беру туралы шешім қабылдайды деп пайымдауға негіз жоқ.

Олай болса, БҰҰ бүкіл әлемде төтенше өкілеттіктерге ие болғысы келетіндігіне дәлел жоқ. Мұндай тезистер ұйымның құжаттарында жоқ, ал хабарламада айтылған «Болашақ үшін келісім» әлі жасалмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button