Фейк: «Тікелей энергетикалық қаруды он жыл бұрын теледидардан көрсеткен»
Әлеуметтік желілерде Жердің кез келген бөлігінде алапат өрттер тудыра алатын тікелей энергетикалық қарудың бар екендігі туралы теория талқылануда. Бұл жолы қастандық теориясын жақтаушылар осы қауіпті қару көрсетілген ескі видеосюжетті анықтаған. Бұл рас па? Тексерейік.
Суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен біз Қазнетте таралған роликтің түпнұсқасын таптық. Бұл 2013 жылдың сәуірінде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің YouTube арнасында жарияланған видео. Онда USS Dewey эскадрильясының (DDG 105) бортында орнатылған лазерлік қару жүйесі (LaWS) туралы айтылады. Кадрларда осы қарудың сынақтары көрсетілген.
Видео астында ұсынылған сипаттамаға сәйкес, LaWS жүйесі шағын кемелер мен кішкентай ұшатын нысандарды оқ-дәрілерсіз жоя алады. Оның көмегімен планетаның кез келген бөлігінде алапат өрт қоюға болатындығы туралы жазылмаған.
Мина тасымалдаушының бортындағы жаңа қару туралы ақпарат таратқан БАҚ лазер инфрақызыл датчиктарымен анықтауды жеңілдету, ұшқыштардың көзін шағылыстыру және жаудың навигациялық техникасын тоқтату үшін нысандарды қыздыра алады деп хабарлады. Жүйенің кемшіліктерінің бірі – ату жыладмдығының шектелуі және оны барлық ықтимал нысандарға қарсы пайдаланудың мүмкін еместігі.
Демек, видеода көрсетілген құрылғы ормандар мен қалаларды өртей алатын құпия «тікелей энергетикалық қару» емес, бұл шағын кемелер мен дрондарды жоюға арналған АҚШ Әскери-теңіз күштерінің лазерлік қару жүйесі.