Талдау

Фейк: «Төмен қонған бұлттар – жаңа атмосфералық аномалия»

Әлеуметтік желілерде атмосфераның жаңа аномалиясы – төмен қонған бұлттар талқылануда. Химтрейлдер мен сағым күнді де осы «ауытқуларға» жатқызады. Алайда, төмен қонған бұлттар мен сағым күн табиғи құбылыс болып табылады. Ал химтрейлдер – бұл ешқандай дәлелі жоқ ойдан шығарылған қастандық теориясы.

Төмен орналасқан бұлттардың ерекшеліктері мен аспандағы сағым күнді қашан көруге болатындығын айтайық.
Бұлттар екі санатқа бөлінеді. Биіктігіне қарай, яғни жоғары, орташа және төмен қонған бұлттар. Түрі немесе құрылымы бойынша, мысалы, ұлпа, түйдек, қабатты және жауын бұлттар. Сонымен қатар, қабатты-будақ және будақ-жаңбырлы бұлттар болады.
Төмен бұлттар 2000 метр биіктікте пайда болады. Әдетте мұз кристалдарынан емес, су тамшыларынан тұрады. Барлық басқа бұлттар сияқты, төмен қонған бұлттар да ауа шық нүктесіне дейін салқындаған кезде қалыптасады. Яғни, ол су буы конденсацияланып, бұлт сияқты көрінетін су тамшылары немесе мұз кристалдары (әлдеқайда жоғары деңгейде) пайда болатын температураға жетеді. Аспандағы төмен бұлттар суық жерде немесе теңіз бетінде ылғалды ауа тудыратын жеңіл желдің әсерінен пайда болады.
Төмен бұлттарға қабатты және түйдек бұлттар жатады. Қабатты бұлттар біркелкі және аспанда біркелкі сұр қабатпен таралады. Түйдек бұлттар ақ және контурлары анық, тығыз болады. Сондай-ақ қабатты-будақ бұлттар болады. Олар – сұр немесе ақшыл домалақ, кейде қабатты-будақ бұлттар бір-бірімен қосылып кетеді. Төмен орналасқан бұлттар көбінесе жауын-шашын көп тудырмайды, алайда қабатты-будақ найзағайлы бұлттар жаңбыр, бұршақ, тіпті торнадо тудыруы мүмкін. Мұндай бұлттар ауыр және тығыз, ал негізі күңгірт болады.
Төмен температура мен әртүрлі ауа ағындарының әсерінен аспанда пішіні әртүрлі бұлттар қалыптасады. Сондай-ақ жарықтың сынуына байланысты түрлі-түсті бұлттар да болады. Олардың барлығы табиғи түрде пайда болады және ешқандай ауытқулардың белгісі емес.

Фейк: «Түрлі түсті бұлттар – химтрейлдің ізі»

Сағым күнге келетін болсақ, бұл паргелий, жалған күн немесе жасанды күн көзі құбылысы деп аталады. Шын мәнінде, бұл – атмосфералық оптикалық құбылыс, бұл кезде аспанда нақты күннен басқа оның бір немесе екі жағынан жарық дене пайда болады.
Жалған күн мұз кристаллдарынан күн сәулесінің шағылысуы нәтижесінде қалыптасады. Мұндай кристалдар жоғары биіктікте шарпы немесе шарпы-қабатты бұлттарда кездеседі. Әдетте күн сәулелері мұз кристалдарында көлденең сынады, онда паргелий күннің сол және оң жағында пайда болады. Бұдан бөлек, паргелийді әртүрлі түстерге боялады. Мысалы, ең жақын дене қызыл болады, одан кейінгі түстер қызғылт сарыдан көкке ауысады.
Жалған күн – бұл жиі кездесетін құбылыс, оны жылдың кез келген мезгілінде және кез келген жерде көруге болады. Алайда, паргелийдің жарық денелері ұдайы ашық түсті болмайды, сондықтан аспанда байқалмауы мүмкін.
Демек, сағым күн де, төмен қонған бұлттар да атмосфералық ауытқулар емес. Шындығында, бұл – кең таралған табиғи құбылыстар, олардың пайда болуы температураға, ауа ағындарына немесе күн сәулелеріне байланысты.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button