Дәлелсіз: «Келесі пандемия Суданда басталады»
Қазнет қолданушылары Суданда әскери төңкеріс салдарынан қауіпті патогендердің үлгілері бар биологиялық зертханалар бұзылды деп жазуда. Бұл келесі пандемияның басталуына себеп болады және бұқаралық ақпарат құралдары адамдарды қорқыта бастаған екен. Бұл рас па? Анықтайық.
Биыл 15 сәуірде Суданда әскери төңкеріс басталды. Қақтығыстар бірден бірнеше қалада орын алды. Нәтижесінде жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланды.
Төңкеріс кезінде ел астанасы Хартумда Ұлттық денсаулық сақтау зертханасы басып алынды. Ең қауіптісі – онда қызылша мен тырысқақ қоздырғыштарының үлгілері сақталған, мамандар оларға қол жеткізе алмай отыр. Яғни, патогендердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету мәселесі туындады.
Алайда, ДДҰ бұл жағдайды «биологиялық қауіп» деп мойындағанымен, Судандағы зертхананы басып алу салдарынан әлемге пандемияның болуы екіталай. Қызылша мен тырысқаққа қарсы тиімді вакциналар бұрыннан бар.
Сонымен қатар, әлемнің көптеген дамыған елдерінде қызылшаға қарсы вакцинация балалар үшін міндетті болып табылады. Тырысқаққа қарсы вакцина міндетті емес, бірақ пациент тырысқақ жиі кездесетін елдерге саяхатқа сапармен бармақ босла, егілуге болады.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама шындыққа жанаспайды. Біріншіден, Суданда биозертханалар бұзылған жоқ. Бір ғана Ұлттық денсаулық сақтау зертханасы басып алынды. Екіншіден, онда сақталатын қоздырғыштар белгілі және жақсы зерттелген. Оларға қарсы вакциналар мен дәрі-дәрмек бар. Үшіншіден, бұл зертхананы басып алу келесі пандемияның басталуына әкелетініне сенуге негіз жоқ.