Пікірлер

Астана әкімдігі Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда Турецкий хорының концерті өтетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Турецкий хорының ресми Instagram-аккаунтында Астанада өтетін концерт туралы хабарландыру шықты. Іс-шара 29 сәуірге белгіленген. Көрермендер оны Есіл өзенінің жағасында орналасқан амфитеатрда тамашалай алады.

Бірақ Астана әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Хабарламаға сәйкес, концерт белгіленген уақытта аталған жерде өтпейді.

«Есіл өзенінің жағалауындағы қалалық Амфитеатрды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін мамыр айында ашу жоспарланған. Мемлекеттік орган концертті өткізуге келісім бермеген. Концертті өткізу туралы мәселе қаралып жатқан жоқ», – делінген елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button