Fake News
Фейк: «Жаңаөзенде 2025 жылға дейін карантиндік аймақ орнатылады»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жаңаөзен қаласы 2025 жылға дейін карантиндік аймақ болып жарияланғаны туралы ақпарат тарады. Бұдан былай адамдарға кіру үшін арнайы рұқсат қажет болады. Бұл шындыққа жанаспайды.
Бұл ақпараттың көзі – Instagram-дағы QazNews24 сатиралық аккаунты. Бұл парақшада ойдан шығарылған жаңалықтар жарияланады. Шынайы хабарламалар жоқ.
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтында Жаңаөзен аумағында карантиндік шектеулер енгізу туралы ақпарат жоқ. Мұндай хабарламалар қаланың сайтында да шықпаған.
Сондай-ақ БАҚ та Жаңаөзеннің 2025 жылға дейін карантиндік аймақта болатыны туралы ақпарат таратпаған.
Демек, бұл – фейк ақпарат, оған сенбеген жөн.