Fake News

Манипуляция: «Маймыл шешегіне қарсы вакцина алғандардың бәрі сынаққа қатысушылар»

Telegram мессенджерінде ДДҰ өкілі маймыл шешегіне қарсы егілгендердің барлығы клиникалық сынақтарға қатысушылар деп айтқан ер адамның видеосы таралуда. Бұл дәйексөз контекстен үзіп алынған.

Видеодағы адам – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елеулі салдары бар оқиғаларға дайындық бөлімінің басшысы Тим Нгуен. 
Ал ролик – 2022 жылдың 23 шілдесінде өткен ДДҰ медиа-брифингінің жазбасы. Маймыл шешегіне қарсы вакцинация туралы 18 минут 41 секундта айтылады. Алайда, бұған дейін шешекке қарсы вакциналарды жеткізу туралы сұраққа жауап беріледі.
Тим Нгуеніңн жауабына сәйкес, маймыл шешегіне қарсы иммундау үшін бұрыннан бар шешекке қарсы вакциналар қолданылады. Оның ішінде ол LC-16 ACAM-2000 сияқты препараттарды атап өтеді. Олар тіркелген және қолдануға рұқсат етілген. Сондай-ақ клиникалық сынақтардан өткен және қауіпсіздігі расталды.
ДДҰ өкілінің клиникалық сынақтар туралы сөздері вакциналарға және олардың қауіпсіздігіне емес, маймыл шешегіне қарсы қаншалықты тиімді екендігі туралы мәселеге қатысты болды. Бұл тақырыпта сынақтар мүлдем жүргізілмеген, өйткені препараттар маймыл шешегінің емес, табиғи шешектің алдын алу үшін жасалған.
Сондықтан қазіргі егу науқаны кезінде алынған тиімділігі туралы деректер клиникалық сынақ деректері ретінде қарастырылады. Бұл ретте препараттардың тиімділігі қазірдің өзінде дәлелденген және вакцинацияланған адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейді.
Сондай-ақ маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцинация қажет емес екенін ескерген жөн. Вакцинация тәуекел топқа жататындарға ғана ұсынылады. 
Демек, маймыл шешегіне қарсы вакцина алған барлық адамдар – сынаққа қатысушылар екені туралы ақпарат манипуляция болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button