Fake News

Фейк: «Қазақстандық әйелдерге жүктілікті өз бетінше жоспарлауға тыйым салынады»

Әлеуметтік желілерде қазақстандық әйелдерге жүктілікті өз бетінше жоспарлауға және қалағанынша көп бала тууға тыйым салынуы мүмкін деген ақпарат тарады. ҚР Денсаулық сақтау жүйесі мен халық денсаулығы туралы кодекске тиісті түзетулер енгізу көзделген. Бұл шындыққа жанаспайды.


Пайдаланушылардың айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау жүйесі мен халық денсаулығы туралы кодекстің 79-бабына түзетулер енгізілмек. Егер олар қабылданса, адамдар қанша бала өсіретінін, оңтайлы босану аралығын, сонымен қатар жүктілік пен босануға қатысты басқа да шешімдерді өз бетінше қабылдай алмайды.
Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.

«Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 79-бабының 1-тармағының 12 тармақшасы «Балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз туу уақытына, туу арасындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралықтарға қатысты шешімді еркін қабылдауға» өзгерістер енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк болып табылады», – деп хабарлады ведомстводан.

Яғни, таралған ақпарат өтірік және оған сенудің қажеті жоқ.

 

Все разоблачения фейков в нашем Telegram-канале Stopfake.kz. Подпишись, чтобы сразу узнать правду.

Басқа жаңалықтар

Back to top button