Fake News

Фейк: «Қостанайда қарулы мигранттар баланың ұялы телефонын тартып алған»

What ‘ sApp мессенджерінде Қостанайда Ресейден келген үш қарулы адам баланың ұялы телефонын тартып алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған.

Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат – фейк. Облыста жедел және көші-қон жағдайы тұрақты. Аталған факті бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ. Сонымен қатар соңғы күндері көші-қон ағымының артуы аймақтағы криминогендік жағдайға әсер еткен жоқ. Облыстық полиция штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button