Fake News

Желіде вакцинацияға қарсы флешмобтың фейк видеосы тарады

Қазақстандық Telegram-чаттарда COVID-19 қарсы вакцинацияға қарсы флешмобтың алаңдатарлық видеосы пайда болды. Кадрларда үлкен шприцтер сұғылған, жолда баяу еңбектеп келе жатқан медициналық формадағы адамдар көрсетілген. Бұл компьютерлік графика.

Әртүрлі елдерде таратылған «Қытайдағы флешмоб» видеосы желіде өткен жылдың желтоқсан айында вирустық сипатқа ие болды. Жақсы сападағы жазбаны кері суретті іздеу құралдарын қолдана отырып табуға болады.

Кеңейтілімі жоғары роликтерде бұл нақты түсірілім емес, компьютерлік графика екенін көруге болады.

Видео жарияланған парақшалардың бірінде бұл деректі түсірілім емес, өнер туындысы деп айтылған. 

Қытайдағы карантиндік шектеулерге қарсы наразылықтардың бірі 2022 жылдың 3 маусымында болды. Оған студенттер қатысты. Оқиға фотосына қарасақ, наразылық білдірушілер арасында көшеде еңбектеп келе жатқан өтірік шприцтер сұғылған адамдар болмағанын көруге болады. 

Одан ертерек, 2022 жылдың мамыр айында Қытайда кейбір банктер қолма-қол ақша беруде қиындықтар туындағанда наразылықтардың тағы бір толқыны болды. Наразылық білдірушілер COVID-19 таралуын болдырмауға арналған арнайы қосымшада олардың мәртебелері қызылға ауыстырылды деп шағымданды. Яғни, пайдаланушыларға қоғамдық орындарға баруға және қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салынды.

Қытайда биыл болған басқа наразылықтар туралы Желіде ақпарат жоқ.

Демек, Қытайда болған вакцинацияға қарсы қорқынышты флешмоб туралы ақпарат – фейк. Видео компьютерде жасалған және нақты оқиғаларда түсірілмеген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button