Fake News

Манипуляция: «Вакцинация деңгейі жоғары елдерде туу көрсеткіші күрт төмендеді»

Telegram чаттарында пайдаланушылар вакцинацияланған адамдардың саны көп елдерде туу деңгейі күрт төмендегені туралы ақпарат тарады. Вакцинация әйелдің сау бала көтеру қабілетіне теріс әсер етеді екен. Бұл өтірік.

Хабарламада мысал ретінде екі ел көрсетілген: Германия және Швеция. Осы мемлекеттердегі туу көрсеткіштерін қарастырып, олардың вакцинациямен неге байланысты емес екенін түсіндірейік.

Германиядан бастайық. Осы жылдың бірінші тоқсанында туу көрсеткішінің төмендегені байқалды, ол 10,8% құрады. Германияның Федералды статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, неміс азаматтығы бар әйелдер ең аз бала туады – олардың арасында құлдырау 11,6% деңгейінде тіркелді. Германияда тұратын, бірақ азаматтығы жоқ әйелдер арасында көрсеткіш айтарлықтай төмендемеген – 8,4%.

Неміс Correctiv басылымы бұл статистика COVID-19 қарсы вакциналарға қатысты деген теорияны жоққа шығарды. Осы тақырыптағы мақалада 2021 жылдың 7 маусымына дейін елде тек 60 жастан асқан адамдар және ауру жұқтыру қаупі жоғары адамдар ғана егілгені айтылған.

Осылайша, жас және жүкті әйелдерге екпелер, соның ішінде Германияда тек 2021 жылдың 8 маусымынан бастап қана салына бастады. Яғни, әйел вакцинациядан кейін бірден бала көтерді деп болжасақ та, ол 2022 жылдың наурызынан кейін, яғни 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңында туылуы керек еді. Демек, вакцинация осы жылдың қаңтар-ақпан айларында туу деңгейіне әсер етпегенінің белгісі.

Сондай-ақ клиникалық зерттеулер, соның ішінде жүкті әйелдер арасында COVID-19 қарсы вакциналар қауіпсіз және анаға да, балаға да зиян тигізбейтінін атап өткен жөн.

Швецияда да осы жылдың бірінші тоқсанында туу көрсеткіші төмендеді. Алайда, жалпы статистикаға көз жүгіртсек, бұл таңқаларлық емес. Себебі, елімізде бала туу көрсеткіші 2018 жылдан бастап тұрақты түрде төмендеп келеді. Өткен жылы елде ықтимал демографиялық дағдарыс туралы да айтылды. COVID-19 қарсы вакцинаның бұл үрдіске қатысы жоқ.

Туудың төмендеуі – бұл 2000-шы жылдардың басында барлық дамыған және дамушы елдерде  орын алған жалпы тренд. Бұл өмір сүру ұзақтығының артуымен, балалар мен аналар өлімінің төмендеуімен, сондай-ақ әйелдердің білім алу және мансап құру мүмкіндігімен түсіндіріледі. 

Алайда, бұл статистикада кенет өзгерістер болмайды. Мысалы, Канада – вакцинациялау көрсеткіші ең жоғары елдердің бірі – соңғы төрт жылда онда бала туудың жыл сайынғы төмендеуі 0,73-0,74% құрап отыр. Бұл үрдіс COVID-19 пандемиясына дейін басталғанын ескерсек, вакцина оған әсер етпеген.

Осылайша, дамыған елдердегі туу деңгейінің төмендеуін COVID-19 қарсы вакцинациямен байланыстыру әрекеті манипуляция болып табылады. Статистиканы егжей-тегжейлі қарастырғанда, КВИ шығып, оған қарсы иммундау басталғанға дейін балалар аз туыла бастағанын көруге болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button