Фейк: «Вакциналардың тиімділігі саяси жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар жаңалық тақырыптарынан жасалған слайд-шоумен бөлісуде, онда COVID-19-ға қарсы вакциналардың әр түрлі тиімділігі көрсетілген. Ол әлемдегі саяси жағдайға байланысты 100-ден 42%-ға дейін өзгереді екен. Бұл жалған.
Слайд-шоуда көрсетілген барлық тақырыптар шын және оны ірі ақпарат агенттіктері жазса да, іріктеудің өзі өте манипулятивті болып табылады, өйткені онда кейбір жайттар ескерілмеген.
Онда әртүрлі вакциналар және мақсаттары да әртүрлі басқа клиникалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған.
Слайд-шоудың басында 100% тиімділік көрсетілген. Бұл жерде Johnson&Johnson шығарған вакцина және оның COVID-19 жұқтырған жағдайда ауруханаға жатқызу мен өлімнің алдын алу қабілеті туралы айтылған. Сонымен бірге дәл осы мақалада АҚШ-тағы зерттеу нәтижелері бойынша бұл вакцина аурудың өзін жұқтырудың алдын алуда 72% тиімді екендігі жазылған.
Moderna вакцинасы және оның 12 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға арналған клиникалық зерттеулеріне қатысты мақалаға да 100% тиімділік көрсетілген тақырып берілген.
Келесі слайдта 99% тиімділік көрсетілген. Ол вакциналарды клиникалық зерттеулер аясында емес, шынайы өмірде зерттеу туралы мақаладан алынған. Яғни, қорытындылар еріктілердің шектеулі мәліметтерінің негізінде емес, препаратты алған және қарапайым өмір сүретін барлық адамдардың мәліметтерінің негізінде шығарылады.
Басқа слайдтан Pfizer вакцинасының тиімділігі қазірдің өзінде 97% деген тақырыпты көруге болады. Мәтінде препараттың екінші дозасын алғаннан кейін екі апта өткен соң COVID-19 жұқтырған жағдайда оның белгілерінің алдын алуда осындай тиімділік көрсеткені айтылған.
Тағы бір слайд – бұл Pfizer вакцинасының тиімділігі небары 94% деп жазылған тақырып. Алайда, мақаланы толығымен оқыған кезде, бұл тек қарт адамдар арасында ауруханаға жатқызудың алдын алудың тиімділігі туралы екенін түсінеміз.
Ал келесі слайдта басқа деректер ұсынылған – тиімділік небары 93%. Алайда, ұнда Moderna вакцинасы және оның тиімділігі екінші дозаны алғаннан кейін алты ай өткен соң 93% құрайтыны көрсетілген.
Келесі тақырыпта 92% тиімділік туралы мәліметтер бар. Бұл жерде іріктеуде аталған төртінші вакцина туралы айтылып отыр. Бұл AstraZeneca шығарған препарат. Оның дельта нұсқасымен күресудегі тиімділігі 92%.
Топтаманың тағы бір слайдында 91% көрсетілген тақырып бар. Бұл туралы толық мақалада Pfizer немесе Moderna компанияларының вакциналарының екі дозасын алған адамдарда COVID-19 жұқтырудан қорғау көрсеткіші осындай екені түсіндіріледі.
Содан кейін тиімділігі төмен 89% деп жазылған тақырыптар көрсетілген. Алайда, бұл жерде бұрын аталмаған тағы бір вакцина – Novavax туралы айтылады.
Кейінгі слайдтар да осытұрғыда іріктелгн: онда әртүрлі вакциналар мен оларды сынаудың әртүрлі шарттары туралы айтылады. Мысалы, нақты нұсқаларға қарсы тиімділігі немесе препаратты алғаннан кейін бірнеше ай өткен кездегі, сондай-ақ бірінші және екінші дозалардың тиімділігі бөлек көрсетілген. Бұл ретте көрсеткіштерді салыстыру мүмкін емес екені және олар бір-біріне қайшы келмейтіні анық.
Слайд-шоуда көрсетілген тиімділігі ең төмен вакцина Pfizer. Толық мақалада вирустың дельта нұсқасына қарсы препарат вакцинациядан кейін екі апта өткен соң 93% және алты айдан кейін тек 47% тиімділікпен қорғайтыны айтылған.
Сонымен қатар COVID-19 ауруының өзі де, оған қарсы вакциналар да салыстырмалы түрде жаңа құбылыстар екенін атап өткен жөн, демек оларды зерттеу әлі де жалғасуда. Ғалымдар әртүрлі аспектілерді зерттеуге бағытталған жаңа сынақтар жүргізіп, осы жұмыстардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында және ғылыми журналдарда жариялауда. Осы тақырып бойынша ақпараттың көп болуы кеммшілік емес, дәрігерлерге ауруды жақсы түсінуге және оны емдеу мен алдын алудың тиімді схемаларын жасауға мүмкіндік беретін үлкен артықшылық.
Қорыта айтқанда, вакциналар тиімділігінің әлемдегі саяси жағдайға байланысты екені туралы хабарламма фейк және манипуляция. Слайд-шоуда бір-біріне қайшы келмейтін мүлдем салыстыруға болмайтын мәліметтер келтірілген, өйткені олар біріншіден, әртүрлі вакциналарға,екіншіден, әртүрлі сынақтарға қатысты.